Облыс әкімі Даниял Ахметов көп балалы отбасылардың мәселесін қарауға арналған селекторлық жиналыс өткізді. Маңызды жиынға аудан әкімі Асхат Смаилов, аудан әкімінің орынбасарлары, аз қамтылған көп балалы отбасылар мәселесін қарау туралы аудандық комиссия мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Онлайн мәжілістің күн тәртібінде қаралған төрт сұрақ та  аз қамтылған көп балалы отбасыларының тұрмыстық мәселесіне арналды. 

Облыс басшысы аудандарда құрылған аз қамтылған көп балалы отбасыларының мәселесін қарау туралы аудандық комиссиялардың есебін тыңдап, әрбір көпбалалы анаға берілетін баспананың жай-күйін тәпіштеп сұрап, аумақтарға келгенде әр үйді аралап шығатынын ескертті.


Көкпекті ауданы бойынша 34 көпбалалы ана баспаналы болатын болды. Бүгінде аудан тұрғындарының көп балалы жанұялары 946 отбасы екен. Бұлардың 150 арнаулы әлеуметтік өтемақысын алады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы және Қазақстан Респубикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Көкпекті ауданындағы аз қамтылған көп балалы отбасыларының тұрғын үй мәселесі қаралып, баспана сатып алынатын болды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекке тұрған көп балалы аналарға 34 үй сатылып алынды.
Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы арқылы Бастау бизнес курстарын бітіріп, сертификат алып кәсіпкерлікпен айналысам деген 2 отбасы - Ажа ауылынан 6 баласы бар Толғамбаева Зәмзәгүл және Шәріптоғай ауылынан 4 баласы бар Әкежанов Нұрзат ірі қара басын көбейтуге несие алуға тапсырыс берген. Олардың бизнес жоспарлары қорғалып, несие беру қарастырылу үстінде екен.
Басына үй, бауырына қазан алған көп балалы аналар еліміздің құтындай берекелерін ұйытып, бақытты ғұмыр кешерге жазсын.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз