Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік айналыстағы монеталарды айналысқа шығарады.
Айналыстағы монеталардың сырт жағында (реверсінде) «QA-ZAQSTAN» деген сөзі бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, сондай-ақ, шығарған елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPYBLIKASY» деген жазу бар.
Айналыстағы монеталардың бет жағында (аверсінде) монеталар номиналының цифрлық бейнеленуі, сондай-ақ, ұлттық валютаның «TENGE» деген атауы мен шығарған банк атауының қысқартылған бел-гісі «QUB» (QazaqstanUlttyqBanki) бар мәтіндік жазулар орналасқан.
2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 100 тең-гелік айналыстағы монеталардың қырында (гуртында) «JUZ TENGE» деген жазу бар.


Айналыстағы монеталардың техникалық және заттай өлшем-дері: массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл құймасы өзгеріссіз сақталған. Төлем терминалдарын және басқа да кассаны қосымша қайта теңшеу талап етілмейді.
Ескі және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар заңды төлем құралы болып табылады және барлық төлем түрлері бойынша қабылдануға міндетті!
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (723) 270 45 85; +7 (727) 3 30 25 58; E-mail: press@nationalbank. kz, www.nationalbank.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Шығыс Қазақстан филиалы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз