Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні сағат 15:00 аралығында Көкжайық, Үлгілімалшы, Тассай ауылдарына қатты дауыл соқты. Осы ауылдарда жоғарғы кернеулі трек бағанасымен бір линиямен тоқ жүреді. Сол себепті ауылдарда жарық өшті.
Табиғи сипаттағы жағдайлар оның ішінде метеорологиялық қауіпті құбылыстар қатты дауыл (оның ішінде құйындар мен шквалдар). Желдің жылдамдығы секундына 25 метр және одан да артық, таулы аудандарда секундына 30-35 метрге жеткен кезде төтенше жағдайлар жарияланады.
Көкпекті ауданында метеостанцияның берген мәліметі бойынша 21 мамыр күні Көкпекті ауданында желдің жылдамдығы секундына 2-4 метр, және одан да артық секундына 18 метр соқты. Осы күні Үлгілімалшы ауылындағы 12 көшенің, 9 да жарық болған жоқ, ал қалған көшелерде жарық болды.


Қатты дауылдың салдарынан Сүлеймен ауылында 3 тірек бағанасы және Үлгілімалшы ауылында 1 тірек бағаналары құлады. Сол күні Көкпекті аудандық электр жүйесінің 1 бригадасы жұмыс жасады.
22 мамыр күні Үлгілімалшы ауылында күндізгі 12:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жарық болған жоқ. Себебі АЭЖ-нің 2 бригадасы және қосымша Самар ауылынан 2 бригада жөндеу жұмыстарына жұмылдырылды. Келесі күні Көкпекті АЭЖ-нің бригадаларының жедел жұмыстары арқасында ауылдарда толықтай сағат 18:00 мөлшерінде жарық жанды.


Қ. Әңкебаев, Көкпекті ауданының төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз