«1945 жылдың 9 мамыры – еліміздің батырлық шежіресінде мәңгілікке жазылған ерекше күн. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз, сондай-ақ ерен еңбектеріңіз бізге Жеңіс сыйлады. Туған жері үшін өмірін қиған батыр бабаларымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. Біз Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігі жолындағы жойқын шайқаста күрескен, қасиетті 9 мамыр күні қаза болған батырлар алдында басымызды иеміз! Олардың есімдері алтын әріптермен жаумен шайқастағы ерен ерліктері батырлық жылнамасына мәңгі жазылған. Тыл еңбеккерлеріне шын жүректен ризашылық білдіріп, алғыс айтамыз. Зауыттар мен фаб-рикаларда, колхоз даласында олар көптен күткен Жеңісті жақындату жолында барын салды.
8 мамыр күні Көкпекті ауданының әкімі А.С.Смаилов, Самар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдархан Садықов, округ әкімі А.Күдербаев Ұлы Отан соғысының құрметті ардагерлері Валентина Степановна Федосованы, Мүтәлап Ықыласов, Павел Яковлевич Балахоновты және Семен Михайлович Винниковтың үйлеріне барып құттықтады.
Аудан басшысы ардагерлерді Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтап, оларға мерекелік сыйлықтар мен гүлдер табыс етіп, зор денсаулық, отбасылық бақыт, бақыт тіледі.
- Құрметті ардагерлер, сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүреміз, балаларды, немерелерді өсіреміз, ел мен халықтың игілігі үшін еңбек етеміз. Сіздердің ерліктеріңіз бен батырлықтарыңыз үшін, Жеңіске деген батылдықтарыңыз үшін үлкен рахмет,- деп атап өтті Асхат Сайдахметұлы. Ардагерлер жергілікті билік тарапынан көрсетілген құрмет-қошеметке риза болып, соғыс пен еңбек өмірі туралы әңгімелерімен бөлісті.


Соғыс ардагері Валентина Степановна Федосованың үйі ауданнан келген қонақтарды қонақжайлықпен қарсы алды. Қызы, Лилия Ивановна жұбайы екеуі анасына аса мейірімділікпен қарап жақсы күтіп отыр. Осы жылы даңқты ардагер 96-шы көктемді қарсы алса да, әлі күнге дейін өзінің барлық майдан өмірбаянын анық біледі. - Жеңіс күнін мен Румынияның Плайешт қаласында қарсы алдым. Қуаныштан көздің жасы көл болды! Үйге ұзақ уақытта жеттік. Ең бастысы - біз қатыгез жау-ды жеңдік! Жер бетіндегі ешқашан соғыс болмасын, әрқашан бейбітшілік болсын! - дейді Валентина Степановна.
Өзінің ауыр дертіне қарамастан, соғыс ардагері Павел Яковлевич Балахонов әрдайым келген қонақтарды жылы қабақпен қарсы алады. Жеңіс күні - ардагер үшін ең басты мереке, себебі ол бұл күнді қуанышпен асыға күтеді. Даңқты майдангер мереке қарсаңындағы көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдіріп, барлықтарына денсаулық, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз