Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев Өскемен қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығына барып, атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып жатқан тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында халықтың төлемге 1 сәуірден бас-тап енгізілген өзгертулер жөнінде қаншалықты хабардар екендігі пысықталды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында елімізде нормативтік-құқықтық база әзірленіп, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған атаулы көмек төлеудің жаңа ережелері бекітілген болатын. Мәселен, төлем күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан 70 пайызына дейін көтеріліп, 14 849 теңгеден 20789 теңгені құрады. Демек, отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаса, отбасыға атаулы əлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте көмек кəмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен атаулы әлеуметтік көмек өлшемдерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.


-Тұрғындармен кездесу барысында байқағанымыздай, олардың көкейінде жаңа механизмге қатысты әлі де сан сауал бар. Тұрғындар тарапынан ең жиі қойылатын сауал отбасының жалпы табысын есептеуге қатысты. Отбасының табысы негізінен жұмыс істеп отырған мүшесінің айлығына байланысты екендігі, жұмыспен қамту орталығындағылар оны зейнетақы түсімдеріне қарай есептейтіндіктерін түсіндірді. Атаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде төрт жəне одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жəрдемақының, «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін, сондай-ақ баланың мүгедектігі бойынша жəрдемақы мен студенттердің стипендиясы, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдердің есептелмеуі жаңа механизмнің басты ерекшеліктерінің бірі, - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.
Бір айта кетерлігі, бүгінде Өскемен қаласындағы жұмыспен қамту орталығы жұмыс уақытын сағат 20.00-ге дейін ұзартып, көмекке жүгінген соңғы клиентке дейін қабылдап жатыр.
-Қуантатыны, тұрғындардың басым көпшілігі өз құқықтары мен қандай әлеуметтік қолдаудан үмітті екендіктерін жақсы біледі. Тұрғындар әсіресе құжаттарды уəкілетті органға қай кезде тапсырғандығына қарамастан төлемді де толық көлемде бір ай үшін алатындарына риза болды, - дейді облыс әкімінің орынбасары.
Тағы бір айта кететін жайт, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуде болу қажет. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау процедурасы да жеңілдейтін болады. Бұрын бұл көмекті алу үшін бір бума қағаз жинаған болсаңыз, 1 сәуірден бастап тек бір құжат - жеке басыңызды куәландыратын төлқұжатыңыз ғана қажет.
Әсем Нүсіпованың пікірінше, жұмыспен қамту орталықтары тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасуға да қол ұшын созулары қажет. Бұл орайда, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламаларына, қысқа мерзімді курстарға оқуға жіберуге басымдық берілуі тиіс.
Жалпы, жыл басынан бері облыстың жұмыспен қамту орталықтарына жұмыспен қамту мәселесі бойынша 8280 адам жүгінген екен. Олардың 1867-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, тағы 735 адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға жіберілді. Ал 649 адам «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша кәсіп ашудың қыр-сырын үйренуге ниет білдірген. Қалған 2473 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова төлемге енгізілген жаңа механизм аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына айтарлықтай үлес қосатындығын атап өтті.
- Осы өзгерістер нәтижесінде облыста 46008 адамға, оның 30054-і бала, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Тағы бір рет атап өтейін, отбасындағы әр балаға 20789 теңге төленетін болады. Осыған орай облысқа жыл соңына дейін республикалық бюджеттен қосымша 5,7 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаржы облыстық бюджетке «Ағымдағы мақсаттық трансферттерді бекіту туралы» Үкімет Қаулысына қол қойылғаннан кейін түседі. Ал қазіргі күні біз төлемді облыстың ағымдағы бюджеті есебінен төлейтін боламыз. Өйткені 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек үшін 1,4 млрд. теңге бөлінген болатын. Оның 707,2 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 701,6 млн.теңгесі жергілікті бюджеттен түсті, - деп атап өтті Әсем Нүсіпова.
Осы жылдың 1 сәуірінде аталмыш қаржының 376 млн. теңгесі игеріліп, бірінші тоқсанда 15 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 9 сәуірдегі жағдай бойынша ауылдық әкімдіктер мен облыстың жұмыспен қамту орталықтары 7092 отбасына атаулы әлеуметтік көмек жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 2229 отбасының өтінішін қабылдаған.
- Облыс тұрғындарының назарын тағы бір мәселеге аударғым келеді. Біздің облыста аз қамтылған және көпбалалы жанұяларды кешенді қолдауға республикалық бағдар-ламадан бөлек, аймақтық бағдарлама да бар. Оның аясында өңірдің аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына білім беру саласында да қолдау көрсетіледі. Бұған дейін атап өткеніміздей, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар жанұялардың балалары балабақшаға тегін барады. Демек, осы жылдың мамыр айынан осы санаттағы отбасылардың балалары балабақша төлемінен толықтай босатылады. Осы мақсатқа 2019 жылғы 12 сәуірдегі облыстық мәслихат сессиясының шешімімен облыстық бюджеттен 3515 баланы қамтитын 200,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 2909 көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары мен 609 мүмкіндігі шектеулі балалар бар, - деді Әсем Нүсіпова. – Өтемақыны қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтары білім бөлімдері ұсынған тізім арқылы жүзеге асыратын болады. Ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғалар балабақша директорларына балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесін ұсына отырып, оларды тізімге енгізу үшін өтініш жазуы қажет. Аталған жұмысты қалалар мен аудандардың білім бөлімдері үйлестіреді, әлеуметтік қорғау органдары ата-аналарға балабақшаларда тамақтанғаны үшін төлем төлейді.
Сонымен қатар 2019 жылғы 12 сәуірдегі облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формасын алу үшін 33 583 балаға 500,8 млн. теңге бөлінді.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, бұл қаржы аудандық және қалалық білім бөлімдеріне бөлініп беріледі. Мектеп балалардың өлшеміне сай киім тігуге тапсырыс береді. Оның түрі мен түсін таңдау құзыреті мектептердің өздеріне берілген. Мектеп формасын алу үшін де ата-аналар осы бастан арыз жазулары тиіс. Осы санаттағы отбасылардың балалары колледжерге тегін оқуға түсіп, ыстық тамақпен және стипендиямен қамтамасыз етілетін болады. Биыл осы мақсатта 5,4 млрд. теңгенің 7930 мемлекеттік тапсырысы негізінде мамандар даярланады. 9, 11 сынып оқушыларының ата-аналары мемлекеттік тапсырыс бойынша даярланатын мамандықтар тізімін білім беру басқармасының сайтынан біле алады. Колледждерге құжат қабылдау осы жылдың 20 маусымында басталатындығын атап өткен жөн.
Жалпы, өңірде 26 149 көпбалалы ана бар. Қазіргі күні олардың әлеуметтік жағдайын анықтауға арналған кешенді шаралар атқарылуда. Бүгінде 21 688 көпбалалы отбасының жағдайына сараптама жасалды. Аталған отбасылардың арасында 939-ы аталған мекенжайда тұрмайтын болып шықты. Тағы 233 отбасы әлеуметтік картаны толтырудан бас тартты. 377 жанұя балаларының 18 және 23 жасқа толуларына орай көпбалалы отбасы мәртебесінен шықты. Осы жұмыстар нәтижесінде 20139 әлеуметтік карта толтырылған, қалған 4458 көпбалалы отбасының жағдайы айдың соңына дейін зерттелетін болады.


Лаура Тілеубайқызы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз