Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы Көкпекті ауданындағы 165 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтығын таратып берді.

Толығырақ...

Тәуелсіздік-кез келген мемлекеттің басты байлығы. Әр мемлекет тәуелсіздікке әртүрлі жолмен төңкеріс, соғыс, ұлт-азаттық соғыс арқылы жетеді. Қазақстан үшін 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" халықтың егемендік пен өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Биыл біз басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау қарсаңында Самар ауылдық округінде бірқатар ауқымды шаралар өтті.
«Дәншік» балабақшасына - 50 жыл
Біз бәріміз бала кезімізден, яғни балабақшадан тәрбие бастауын аламыз. Кеңес дәуірінде «Теремок» балабақшасының есіктері алғаш ашылған күннен бастап елу жыл өтті. Ал қазір – алғашқы «дән» егу деген мағынаға саятын «Дәншік» балабақшасы деп атала-ды.
Мектепке дейінгі мекеменің «алтын» мерейтойына арналған мерекелік іс-шараға аудан әкімі Р.Сейтқанов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Мұқашев, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Р. Кемербаева, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Б. Қожамбетов, Самар ауылдық округінің әкімі А. Күдербаев, мекеме ардагерлері, округ кәсіпкерлері, балабақша топтарының ата-аналар комитеттерінің төрағалары және басқа да тұлғалар шақырылды.

Толығырақ...

29 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бұл 10 жыл бұрын бекітілген Қазақстан Республикасындағы ең жас кәсіби мерекелердің бірі. Ол өзінің жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз қамқорлығымен егде жастағы адамдарға қызмет ететін, мүмкіншілігі шектеулі жандарға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсететін, барлық адамдарға деген шынайы құрметті білдіреді. Бізде қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқаты көбінесе Халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер деңгейіне байланысты.

Толығырақ...

2021 жылғы 16 қарашада Көкпекті ауданына Pfizer компания-сынан жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялауға арналған «Комирнати» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.
«Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиологы Елена Ивановна Сорокина вакцина «суық тізбектің» барлық жағдайларын сақтай отырып, арнайы автокөлікпен минус 76 цельсий градус кезінде аса төмен температуралы мұздатқыш камерада жеткізілгенін айтты. Вакцинаның ҚР ДСМ КМФК «Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен берілген 11.11.2021 жылғы № KZ.0140 және KZ.0139 сәйкестік сертификаты бар.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 20 тамызында Көкпекті ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVII еңбек маусымының жабылу салтанаты өткізілді.
Ауданымызда жыл сайын жастар белсенділігі өсіп келеді. Соның бір айқын дәлелі «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қозғалысын жаңғырту бойынша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалпыұлттық бастамасын жүзеге асыру. “Жасыл Ел” бағдарламасы бойынша жұмысқа тартылатын жастардың саны да жыл санап артуда. Құрамында жұмыс жасайтын жастар 16-29 жас аралығын құрайды. Ауданымызды көгалдандыру мен тазалығын сақтауға, жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие беруге үлес қосып келе жатқан жобаға 15 - тен астам жастар жұмылдырылды. Олар тек қана көгалдандыру жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар халықаралық «Бір өзен – бір тағдыр», «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акцияларын қолдап, тұрғындарға вакцина жөнінде түсіндіру парақтарын тарату жұмыстарын атқарған. Бұл туралы Жастар орталығының директоры Гүлмира Ордаханова баяндап берді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз