Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұғыбаев Бек Назарбекұлымен болған мазмұнды сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Тұшымды сұхбат Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру және алдағы жоспарлар тақырыбында өрбіді. Ішкі саясат бөлімінің басшысы алдымен бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттер төңірегінде ой қозғады. Елбасының бұл бағдарламасы – мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжаты болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Көкпекті ауданында іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.

Толығырақ...

Ержан Әділханұлы Сәрсенбаев, ҚР АШМ Ветеринарлық  бақылау және қадағалау  комитеті Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының  басшысы:

- Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауы еліміздің қарқынды дамуы үшін атқарылатын іс-шаралар жоспары мен жүзеге асырылатын саяси жобалардың жиынтығы. Бұл құжаттарда адамзат игілігіне пайдалы әрбір саланы дамыту мәселелері талқыланып, заманға сай әрі бәсекеге қабілетті болудың тың тетіктері талданады. Елбасының ел тұрғындарына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы сонысымен маңызды,

Толығырақ...

Елбасы жиі айтып жүретін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңірде бірнеше жылдан бері жүйелі жұмыстар қолға алынып, бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. 2017 жылдың қазан айында облыс орталығы Өскемен қаласында «Туған жер» кәсіпкерлер форумында ұйымдастырылған «Менің мектебім» жобасы сол шаралардың бірі де бірегейі.
Игі істің мақсаты – туған жердің гүлденуі мен білім нәрін сусындатқан мектептің дамуына атсалысу. Жалпы мектептердің материалдық жағдайы түзетіп, заманауи кабинеттер, яғни роботты техникалы кабинеттер ашуды ұйымдастыру.Елімізде жүргізіліп отырған саясатқа сай мектебімізде оқушыларға білім алуға барлық жағдай жасалып отыр. Сонымен бірге қазіргі уақыт талабынан туындап отырған көптеген игі іс-шаралар оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуде.
Мектеп – қоғамның бір бөлшегі. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамның қалыптасуы кезеңінде мектепте де ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқушылар өз іс-әрекеттерінде қолдана алулары керек, әрі қолданушылық деңгейден жоғары көтерілгендері дұрыс.
Аталмыш жобаны іске асыру мақсатында ауданымызда «Роботты техника» кабинеттерін жабдықтауды қолға алған болатынбыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» акциясына қатысуға ниет білдіргендер баршылық. Қысқа мерзімде аудан азаматтары, кәсіпкерлер, мектеп түлектері өздері түлеп ұшқан білім ордаларына көмек көрсетуде.
Осы бір жаңаша бастама жалғасын тауып, толық жүзеге асырылса деген ниетпен оқыту мен білім беруді заман талабына сай жаңғырта отырып, оқушыларды ақпараттық технологияның мүкіндіктерін толық меңгертуге баулу және ақпараттық жүйелер саласындағы мамандықтарға кәсіби бағдар беру үшін «Роботты техника» кабинеттерін қажетті заманауи құралдармен жабдықтауға ауданымыздың кәсіпкерлеріне, жанашыр жерлестерімізге, мектеп түлектеріне, туған жерге туын тіккен азаматтарға үміт артып, үндеу жолдап отырмыз.
Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары, мектеп түлектері, аудан кәсіпкерлері, жанашыр жерлестер! Сіздерді, «Роботты техника» кабинеттерін жабдықтауға атсалысып, қолдау көрсетуге шақырамыз! 

Аудандық ақсақалдар кеңесі

Реквизиттер:
«Менің мектебім» акциясы аясында жиналған қаражатты, Шығыс Қазақстан облысындағы «Парыз» қайырымдылық қорына аударуға болады.
БИН: 100440015697
Банк бенефициара АО «ForteBank»;
БИК IRTYKZKA;
ИИК KZ2596504F0007415141;
КБЕ 18, КНП 119, «Менің мектебім» акциясы белгі қою және Көкпекті ауданы дегенді жазу керек
Байланыс орыны: Өскемен қаласы, Өтепов көшесі 27 үй, 92 кеңсе, 8 (72 32) 617-988, 8-777-857-54-81.

Ұлы Отан соғысының батыры, жерлесіміз Қойгелді Аухадиевтың туылғанына биыл 110 жыл. Осы орайда, Отан үшін от кешкен арда азаматтарымыз, қасық қаны қалғанша жан аямай күрескен басқа да ардагерлеріміздің құрметіне Преображенка ауылы, Қ.Аухадиев атындағы округте Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында патриоттық іс-шара өтті.
Патриоттық іс-шара ауызша журнал түрінде өтті. Газеттің әрбір парақшаларында ардагер ата Қойгелді Аухадиевтың есімі айрықша жарық жұлдыздай орыны бөлек. 1941 жылы 22 маусымда бүкіл Совет үкіметі радио арқылы сұмдық хабарды естіді. Соғыс деген суық сөз жыландай сумаңдап әлемдік елдердің бәрін есеңгіреткен еді. Соғыс оты Ресейде, Украинада, Белоруссия, Өзбекстан, Казахстан, Грузия Азербайжан, Литва, Молдавия, Латвия, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Түркіменстан және Эстонияның бәрін шарпыды.

Толығырақ...

Қазақ елінің мақтанышы, қасиетті Абай топырағында дүниеге келген, қазақ күре-сінен тұңғыш төрт дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров ауданымыздағы бірлігі мен берекесі жарасқан Тассай ауылына ат басын тіреді.
22 қараша тассайлықтар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Ауылдың үлкен-кішісі жиналып, ұлылар елінің ұланы Айбек Нұғымаровты құшақ жая қарсы алды. Балуан жерлесімізді Тассай ауылының М.Әуезов атындағы білім ордасында шашу шашылып, мектеп оқушыларының орындауында патриоттық тақырыптағы флеш-моб биімен қарсы алды.
Салтанатты кездесудің қадірменді қонақтары ШҚО бойынша қазақ күресі феде-рациясының вице-президенті Амантай Қазымов, Үздік спортшы, атақты бапкер болып жүрген елағасы Серік Қоржыкенов, Тассай ауылының тумасы, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы, бүгінгі шараның өтуіне мұрындық болған, туған жеріне қайта оралып, туын тігіп, шаруасын ширатып жүрген «Қалиқанұлы» ШҚ басшысы Марат Қаликов, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбо және қазақ күресінен спорт шебері Қайрат Чармұхамедов, Семей қаласының самбо федерациясының Президенті, спорт ардагері Пармен Иманханов, самбо күресінің спорт шебері, спорт ардагері Серік Тлебалдин болды.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз