Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – Қазақстанның қасиетті орталығы» атты Көкпекті ауданының ауылдық округтері арасында 2018 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында өткен көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті. Енді жүлдегерлер мен номинанттар гала-концертке келеді.

Жұлдызды ұстаз Жақия Шай-жүнісов атындағы орта мектеп ұжымының қойылымынан соң, көкпектілік айтыс ақыны Манарбек Бекішевтің көпшілікке арнауымен жалғасқан Көкпекті ауылдық округінің көркемөнерпаздар кон-церті, балалар өнер мектебінің домбырашылар ансамблінің «Күй тартысына» ұласты. Қайырлы Ернұр, Еркежан Әлібек, Сұлтан Тасқайратов, Дилназ Ахметовалар ұстаздары Бақытгүл Шекенова-ның бастауымен қазақ күйлерін құйқылжытты. Ернұрдың екпінді қағысына Еркежанның домбыра шанағын әсем қағып еркелете соққаны үйлесіп, Дилназ бен Сұлтанның бірдей ілескені Бақытгүл күйшінің бас изеп құптаумен жарасып тұрды. Біркелкі әуен, жарасымды қағыс «жүректен кіріп, бойды алғандай» болды. Бұдан әрі ауылдағы қос балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері қойған «Мамочки» биімен, бүлдіршіндердің оркестрінің нөмірлері тамашаланды. Осы концертте балалар мен оқушылар 11 нөмір даярласа, ересектерде балалардан қалыспаған екен. Елімізге танымал болған Ясмин Гусейнованың барлық атақ-дәрежесін санауға сан жетпегендіктен «Ясмин күйші» деген атқа лайық қызымыздың өнері залда отырған көрерменді өнерімен де, сахналық жарасымды костюмімен де көрермен қауымды тәнті етті. Ол орындаған попурийдегі әрбір күй ұлттық нақышпен, әсем қолдардың балауса-балғын қимылдарымен күй болып төгіліп, нұр болып есілгендей болды.

Толығырақ...

Еліміздің жүрегі Астана қаласында республика жастарының авангарды «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатын біріктірген ІV съезіне ауданымыздағы жастар көшбасшысы, Жастар орталығының директоры Азамат Қалыков қатысып қайтты.
«Жас Отан» жастар қанатының ІV съезі 1500-ден артық жастардың басын қосты. ЭКСПО көрмесінің Конгресс орталығында өткен «Жаңа әлемге жол саламыз» атты шарада өз саласында белгiлi биiктердi бағындырған, қоғамның дамуына үлес қосқан жас қазақстандықтар қатысып, жетiстiкке жету жолдарымен бөлісті. Жиналған жас буынға Елбасының үндеуін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді.

Толығырақ...

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады», - деген болатын.
Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді? Біріншіден,тіл тазалығы, тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Толығырақ...

Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына орай аудандық тарихи-өлкетану мұражайында мерекелік іс-шара болып өтті. Оған Көкпекті орта және Шәріптоғай негізгі мектебінің оқушылары қатысты. Мақсаты оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Өлкетану мұражайына алғаш рет келушілер үшін Клара Рафикқызы мекеменің қысқаша тарихымен таныстырды.
- Құрметті қонақтар, оқушылар! Наурыз мерекесі қарсаңында кездесіп отырмыз, шараға хош келдіңіздер! Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнауына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптастыру тарихына көз жүгіртсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Қазір сіздер осы айтылғандардың шағын болса да куәсі боласыздар дей келе, мұражай қорын сақтаушы К.Смаилова сөз кезегін балалар өнер мектебінің мұғалімі Д.Ахметжановаға берді. Педагог-ұйымдастырушы Дәурия Берікқалиқызы балаларға қазақ халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрдің бір түрі - қонақжайлылық. Сонымен қатар, балаларға қатысты салт-жоралары: қалжа, шілдехана, сүндет той, қыз ұзату дәстүрлері жайлы видео слайдттар арқылы мәліметпен бөлісті.

Толығырақ...

Ауданымызда аталып өткен Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойы жұртшылықтың есінде қалар мерекелі, берекелі іс-шара болды. Тойдың қызығы республикаға танымал ақындардың айтысы еді. Айтыс керуенін елімізге әйгілі ақын, мәдениет қайраткері Жүрсін Ерманның бас-тап келуі де жиынның көрігін қыздырып, мейрамның мерейін үстем етті. Айтысты көрген де арманда, көрмегенде арманда демекші, айтысты келіп көре алмағандар үшін, тұшынып естіп, сүйсініп қарай алмаған ағайынға айтыстың жазбаша нұсқасын ұсынамыз. Баға жетпес құндылықтарымызды игілікке жаратайық ағайын!

Серік Қуанған
Ақын ба елдің жүгін көтермеген,
Алаулатып жырынан от өрлеген.
Алла деп алдарыңда атқа қондым,
Адамдай мақсатына жетем деген.
Өр қазақтың ерлігін жырламасам,
Өлеңші боп келгенім жоқ бекерге мен.
Әніме қоссам дағы алашымды,
Әлі де қарызым бар өтелмеген.
Көкпекті көрікті өлке, көңілі ақ,
Бүгін қалай өзіңді бөтен көрем.
Құрсағынан нәр алған талай текті,
Теңселтпей тұғырыңды бекемдеген.
Сақ пен ғұнның сарқыны сендерсіңдер,
Тұлпарын аламанға сетерлеген.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз