Көкпекті ауданы аумағында орналасқан қорғандар мен жәдігерлерді түгендеу барысында табылған қорғандар мен обалар құпиясы мәдени астанамыз Алматы қаласының ғалымдарын да қызықтыруда. Таяуда ғана Тарбағатай ауданындағы сақ қорғандарын зерттеуші ғалымдар Қалба тауының да құпиялы сырына үңілуде.

Атақты археолог Әбдеш Ташкенұлы Төлеубаев басқаратын «Қалба – Нарым» экспедициясының отряды Кегенбай ата жазығында сақ қорғандарының обасын зерттеуге кірісті. Отряд бастығы Ринат Жұматаевтың жетекшілігімен барлау-қазу жұмыстары 2019 жылдың 19 тамызында 19 обаны қазуға кірісті. Отряд құрамында – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанты Самат Шакенов, осы ғылым ордасының студентері Мақсұт Хамитов, Ғалымжан Нұрназар, Арман Дәукен, Талдықорған қаласындағы Жетісу университетінің студенті Аружан Хабал бар.

Толығырақ...

Бұл мәселеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде алғаш рет назар аударылып, баға берілді. Мұнда байырғы Қазақ атамекені тұрғындарының өмір тіршілігі көпсалалы және өнегелі болғаны өте орынды сипатталған. Елбасының аталмыш бағдарламасында: «Қазақстан – түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне таралған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үрдістеріне елеулі үлес қосты», - деп жазды.
Елбасының бұл пайымын халқымыздың белгілі бір этномәдени шарттарына сүйеніп айтқандығы байқалады. Қара шаңыраққа иелік жасау үшін, біздіңше, бірнеше шарттары болуы қажет. Соның бір шарты – тұрғын ұлттың өзіндік Орталық Азия аймағында мекен еткен байырғы ата-бабаларынан бері ұзақ уақыт үзіліссіз ұрпақ жалғастығы болу керек. Екіншіден, иелік жасайтын тұрғынның этнолингвистикалық тарихы мыңдаған жылдар бойы түркі тілінің негізінде болуы жөн. Содан кейін, бүгінгі таңда мұндай халықтың өзіндік дара, егеменді, танымал мемлекеті болуы қажет.

Толығырақ...

Көкпекті ауданында халықаралық «Толағай Сұлтаны» сайы-сы өткізіледі. Тұңғыш рет халықаралық деңгейге көтерілген дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» сайысының баламасы тамыз айының 22-24 аралығын қамтиды. Бұл туралы 24 шілде күні өткен сайысты ұйымдастыру комитетінің отырысында аудан әкімі Асхат Смаилов мәлімдеді. Сондай-ақ, Көкпекті ауданында былтырғы жылы облыстық «Жігіт сұлтаны» сайысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын айта кеткен абзал.

Ұйымдастыру комитетінің құрамында бастамашыл топ мүшелері, белді кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары, ардагерлер, ұйым және мекеме басшалары бас қосты. Аудан әкімі сайыс-ты ұйымдастыру барысына кеңінен тоқталып, ауданның әрбір тұрғынын абыроймен атқару үшін атсалысуға шақырды. Көркем слайдта сайыстың өткізілу тәртібі ұйымдастыру шаралары және жұмсалатын шығындар есебі көрсетілді.

Толығырақ...

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдау-ларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады», - деген болатын.
Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді? Біріншіден, тіл тазалығы, тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең.

Толығырақ...

Өзі туған топырақты қастерлеу – қазақ хал-қының ежелден жалғасқан салты, ұлағатты өнегесі. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп бекер айтпаған дана халқымыз. Берік қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесік ауылын әрқашан естен шығармай, оған өзін мәңгілік перзенттік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат. Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы – дәл осы туған жерге тағзым етуден басталады деген сенімдемін.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз