Адамзаттың ақылман абызы атанған Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы, дана, бас ақыны. Ол-ХІХ ғасырдың рухани кеңестігімізге тарту еткен аса бір талантты тұлғасы. Ұлы ақынның шығармалары әрбір оқырманның жүрегінен орын алады. Оның асыл мұрасы – өлеңдері мен қара сөздері сан ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Иә, Абай – мәңгі өшпес мұра қалдырған кемеңгер, ұлы ойшыл, данышпан ақын. Оның артында қалдырған мұралары – мәңгілік қазына. Ұлы Абайдың шығармаларының ішінде шоқтығы биік туындылары – оның қара сөздері.
Осы тұрғыда Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінде 4 ақпан күні «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасын жүзеге асыруға арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбында көркем сөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырды. Байқау 3 кезеңнен тұрды: І кезең: Абайдың бір қара сөзін жатқа айту (шешендігі, сахналық бейнесі, шығарманы терең сезінуі), ІІ кезең: Ақын шығармасына байланысты берілген ойды жалғастырып, эссе жазу (тіл көркемдігі,

тақырыпты ашуы, эссе құрылымының сақталуы), ІІІ кезең: Ақын туралы қанатты сөз немесе дәйексөзді ағылшын және орыс тілдеріне аудару. Мақсаты – шығармашылық жарысқа қатысушының жатқа мәнерлеп оқудағы шеберлігін айқындау, қара сөздерді нақышына келтіріп орындау, қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне құштарлықты арттыру, поэзияға қызығушылықты ояту және ұлт мақтаныштарының рухани мұрасын терең түсініп қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу болды.
Абай Құанбаевтың қара сөздерін оқуға ауданның 12 мектебінен 18 шәкірт белсене қатысты. Қ.Аухадиев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Ниязбаева салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кешке мектеп оқушыларымен қатар ұстаздар жиналды. Байқау барысында көркемсөз оқудағы айрықша қабілетімен І орынды Ақой ауылынан келген Айнұр Қинаятова және тассайлық Бақытгүл Төкенова жеңіп алып, көрерменнің ықыласына бөленді. Байқауға келген қонақтар осы шараның өтуіне мұрындық болған ұйымдастырушы ұстаздар Г.Елеусізова, Г.Зарипова, Ж.Сейітқазы және А.Закарьяноваға ризашылықтарын білдірді. Бүл күні мектеп оқушылары мен қонақтар рухани азық алып тарқасты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз