Үкімет басшысының орын-басары-Қаржы министрі Әли-хан Смайылов Семейге арнайы жұмыс сапарымен келді. Жұмыс кестесіндегі маңызды іс-шараның бірі «Қарағайлы» ықшамаудандағы жақында ғана бой көтерген мәдени-спорттық кешеннің ашылу салтанатына қатысты. Семей қаласы әкімі Ермак Сәлімов, облыс әкімі Даниял Ахметов, облыс әкімінің орынбасары Б.Баяхметов, Өскемен қаласының әкімі Ж.Омар, сонымен қатар Абай, Аягөз, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Күршім аудандарының әкімдері де салтанатты шараның қатысушысы болды. Әлихан Смайыловқа әмбебап кешенді облыс әкімі Д.Ахметов толық таныстырып шықты.
Мәдени-спорттық кешен ішінің аумағы өте үлкен. Үкімет мүшелері үш қабатты, дөңгелек пішінді зәулім ғимарат ішін аралай жүріп, бассейнді, балалардың ойын алаңын, соңғы үлгідегі спорттық жаттығу алаңдарын, қала тұрғындарына арналған демалыс орындарымен танысып шықты. Таныстыру және түпкілікті түсіндіру жұмыстарын жүргізген – аталмыш нысан құрылысына жауапты компания басшысы, «Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова.


Бес мың адамға арналған Мәдени-спорттық кешен ішіндегі алып стадион іші қарарқұрым халыққа лық толы. Көбі қолдарына көк жалауша ұстап мәз-майрам студенттер, ұлттық киімдегі өнер ұжымдары мен аудан-ауданнан арнайы шақырылған құрметті қонақтар болды.
Кешен стадионындағы салтанат алдымен қазақтың әлемге танылған жас әншілерінің әуенімен басталды. «Алау» тобы мен Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясының құрамына енген жергілікті әртістер сахналық көрініспен алға шықты. Жалынды жігермен Мемлекеттік Әнұран орындалған соң, халықты «Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова Тәуелсіздік күнімен құттықтап, кешен кілтін қала әкімі Ермак Сәлімовке табыстады.
«Ардақты ағайын, қаламыз көркейе берсін! Мереке құтты болсын!» -деген қала басшысы келесі сөз кезегін вице-премьер Ә. Смайыловқа берді. Әлихан Смаилов Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз еліміз қалыптасып, шекарамыз шегенделгенін айта келіп, алдағы жылы Абайдың 175 жылдығы келе жатқандықтан, осы кешен айтулы мерекеге тарту етілгендігін тілге тиек етіп өтті. Ғалым Арап Еспембетов мұндай кешеннің семейліктер үшін «тосын сый» ретінде қабылданатынын атап өтті. Осы бір дүбірлі тойға аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, ауданымыздағы ардагерлер ұйымының басшысы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Құмар Нұрсапаұлы Орсаев, белсенді жастар - Мағжан Жадрин, Ақбота Асылхановалармен бірге Үлгілімалшы ауылының дуалы ауыз ақсақалы Шахан Төлеубайұлы Тұрсынханов, жазушы, ішкі істер органдарының ардагері Ратбек Смағұлұлы Аринов, мәдениет саласының ардагері Катрен Қапсадықұлы Байжұмановтар келді. Олармен бірге аудан даңқын асырып жүрген Көкжайық ауылдық округінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұқан Қалиханұлы Қалиханов, ҚР журналистер одағының мүшесі Қайрат Қапайұлы Малғаждаров, ардагер спортшы Серік Асырандыұлы Тлебалдин, аудандық маслихат депутаттары Қанат Бидахметұлы Садықов, «Хофнунг» немістердің этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Елена Павловна Сихварт, «Дәншік» балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Қасымжомартқызы Шаймарданова, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Ержан Серікұлы Кәрібаев, «Көкпекті жастары» Жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Даурен Мелғатұлы Мергенчиновтер де аудан делегациясының ортасынан табылды. «Аудан әкімі Асхат Смаиловтың бастауымен осындай алып кешеннің ашылуына барған Көкпекті ауданы делегациясы еліміздің өркендеп дамуының куәсі болып, жасампаз еліміздің қарышты қадамын қуана колдайды», – дейді делегация мүшесі Сләмбек ата.
Мәдени спорт кешенінде Семей халқына арналған Синхронды жүзуге арналған ұзындығы 12х12 метрлік бассейн, жүзе алмайтын адамдарға арналған ванна, 50х25 метрлік Олимпиадалық бассейн, суға секіретін алаң, басқа да спорт түрлеріне арналған жабдықтар орнатылыпты. Ал үшінші спорттық-сауықтыру блогында тренажер залы, спортпен шұғылданатындарға арналған кабинеттер, бірнеше кинозал, балалар дәмханасы, компьютер клубы, балалардың көңілін көтеретін ойын-сауық алаңдары бар екен. Қарағайлыға № 4-ші автобус маршруты ашылып, осында жұмыс атқарып жатқандарға қолайлы жағдай туғызылған. Бас мердігер «Фирма Азия» ұжымы өңірдің сәнін келтірген ондаған ғимарат салыпты. Мұнда 320 орындық балабақша, бірнеше көпқабатты тұрғын үй қала тұрғындарының игілігіне берілген. Мәдени-спорттық кешен – Семей атырабында теңдесі жоқ ғимарат. Бұл ғаламат кешенде әлемдік, халықаралық спорттық жарыстарды өткізу мүмкіндігі туады.
Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан Семей қаласынан Павлодарға қарай бағыт алатын күре жолдың оң жағында «Қарағайлы» деп аталатын бұл алып құрылыс алаңы бой көтергелі көп уақыт өтпесе де қазірдің өзінде бұл жерде 9 қабатты бірнеше үй, бір мектеп, балабақша бар. Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы да осында жүріп жатыр. Осы арада аурухана, ондаған тұрғын үй, мәдени-әлеуметтік ғимараттар сән түземек. Осында салынған елімізде теңдесі жоқ көпсалалы мәдени-спорттық аренаның шоқтығы биік, қала тұрғындарының жиі бас қосатын алаңы болмақ. Ендеше ашылған жаңа кешен ел игіліне айналып, көпті сүйіндірсін.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз