Ши қазақ халқы тұрмысында елеулі орын алатын өсімдік. «Шилі өзен қамыс-ай» деп әнге қосады жұртымыз, көркемдеп тоқып, әсем кілемдей шым өреді. Үкісі желбірген балапан шиден, сүйегі сояудай атты кісі көрінбес ата шиден үй жабдығына жарар сүйеу, шыпта, сібірткі жасап алса пайдасына жаратары - ши. Боран-шашында жылқысын ықтатып, қой отарын иірер жері де – ши. Жалтыр мұзды жалақ жұт келсе малына оттатары да - ши. Бастаушы мен Көкжота ауылдарын қымтап жатқан да осы қалың мапа ши. 

Ақындар сөз алғанда
«Бақ мекенім Бастаушым» дегенде Бастаушы ауылдық округінің тұрғындары Көкжотасы мен Бастаушысын бір-ақ қамтиды екен. Осы бақ мекенге Өскемен мен Семейден, Үржар мен Тарғабатай ауданынан, Көкпекті мен Көжотадан 12 ақын жиналып, шилі алқапты жайлаған жұрттың жомарт та жұмбақ жерін жырларына арқау етіп, Мұхаммед пайғамбардың туған күнімен орай аламан айтыс өткізді. Бір мыңнан аса адам тұратын Бастаушы және Көкжота ауылының тұрғындары тайлы-таяғы қалмай ауылдық клуб үйіне жиналды. Бастаушы мен Көкжота ауылдары атақтары әлемге көкпар ойынымен шыққан. Әр үйінде бір шабандоз, кез-келген көшесінде бір палуаны бар, аттың құлағында ойнайтын, тақымы тастай қатты жігіттердің мекені екені жалпақ жұртқа мәлім. Айтыс басталарда ауылдың ақсақалы Шаһарбек Ғирфанұлы Ғабитов: «Бастаушы ауылына келген шығыстың жас ақындары жастар жылы тілегіне жетсін. Ақындар ауылдың көркем тірлігі мен кеміс кемшлігі болса әділетті жырласын. Ақындардың сөздері мәндә болсын», - деп батасын берді. Республикаға, облысқа танымал ақындар жиналып сол жауынгер мінезді, батыр жүректі жұртқа айтыс өткізіп, тамаша жасады. Хабдолла Бейісхан, Серік Қуанған – Семей қаласынан, Жұлдызай Маратбекова, Жолбарыс Нұржан, Тілек Мұратұлы – Облыс орталығы Өскемен шаһарынан, Дәурен Сембайұлы, Дарын Мұхтар – таңғажайып Тарбағатайдан, Баян Жақанов – жерұйығы Үржардан, Фархат Маратұлы мен Манарбек Бекішев - көркейген өлке Көкпектіден келіп Бастаушы ауылының төрінен жырдан жаңбыр жаудырып, сөзден нөсер төкті. Ақиық ақындар Бастаушы мен Көкжотаның ардақты елінің мәнді де мағыналы тірлігін, балуан білекті Көкпаршылардың от жүректі өрлігін жырларына арқау етіп, айшықты теңеулер мен тербетті. Бастаушы мен Көкжота ауылынан көшіп

 

кетпей ауылды гүлдендіріп отырған елге алғысты марапат одаларын жолдады. Сонымен қатар, Бастаушы ауылының мектебінің құрлысы, Көкжота ауылы арасындағы жол жағдайы да ақындар жырының басты тақырыбы болды. Айтыстың Бастаушы ауылдық округінде тұңғыш рет өткізіліп отырғаны ауыл халқын таң тамаша етіп, шабытты жырмен сусындатты. Айтысты жүргізген Дархан Бердібек ақындарды кезекпен сахна төріне шақырып, әрқайсысына сипатты мінездеме беріп, жария етіп отырды. Айтысқа қазылық еткен Кенжебек Ахметқалиев, Қадыр Қайырғазинов, Қайрат Малғаждаров, Роза Қартайқызы, Мұратқазы Бекішевтердің шешуімен бас жүлде үржарлық Баян Жақановқа, І орын өскемендік Жұлдызай Маратбековаға, ІІ орын семейлік Серік Куанғанға, ІІІ орын Көкжоталық Аян Қалымбекке берілді. Қатысқан ақындарға да Алғыс хат пен сыйақы ұсынылды.
Имамдардың үлгілі ісі
Асыл дініміз исламның нұрын елге жеткізген Мұхаммед пайғамбардың туған күніне арналған Мәуліт мерекесі де бір өзінен бес имам шыққан Бастаушы ауылы мен Дүмшебай әулие жатқан Көкжота жерінде де аталып өтілді. Өткен ғасырда Самар ауданындағы қазақилық дәстүрді сақтап қалған, аудандағы жалғыз қазақ мектебі бар ауылда Самар ауданының Маринагорка, Аққала ауылдарынан келіп интернатта жатып қазақша оқитын балалар жақсылықпен еске алады. Ауданымыздағы бірінші мешіт те осы Бастаушы ауылында салынды. Мешітті тұрғызған ауқатты кәсіпкерлер - ағайынды Құмаровтар. Ауданның бас имамы Нұрнәсір Дүйсен бастауымен Самар ауылдық мешіті имамы Кәләй Бекболат, Көкжота ауылдық мешіті имамы Нүркен Сабиев, Бастаушы ауылы мешітінің имамы Еділхан Сарбасов, Аққала мешітінің имамы Ерлан Назимиев, Теректі ауылындағы Тұрсынхан ата мешітінің имамы Задахан Сәрсенхан, Үлгілімашы ауылы мешітінің имамы Ботай Әлімбек, Көкжайық ауылы мешітінің имамы Серік Мамай пайғабарымызға салауат айтып, дұға етісті. Бастаушы ауылы мешітінде құдайы тамақ беріліп, Теректі ауылындағы Тұрсынхан ата мешітінің имамы Задахан Сәрсенхан қазақ тілінде салауат оқыды. Тұрғындарды дәстүрлі дінімізді ұстап, бойында, ойында иман бар ұятты азаматқа лайықтауды көр-сеткен имамдар үлгісі көпшілікті бей-жай қалдырмады.
Ауылда жарқын істер бар
Аудан әкімі Асхат Смаиловтың ұсынуымен Бастаушы ауылдық округіне кеше ғана әкім болып сайланған Азамат Серікұлы Қалыков мемлекеттік қызметте тәжірибе жинаған білікті маман. Ауылға басшылық етерде ұстанымы ауылдың дуалы ауыз қарттарымен кеңесіп, әлеуетті ағаларына, жалынды жастарына үміт артпақ. Ауылды көркейтетін ол тек қана еңбек «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай Құнанбаев өсиет еткендей жасқа да, кәріге де еңбектену керек. Алдағы міндет ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды туған жерге тұрақтандыру. Жастарды ауылға келтіру арқылы жаңа кәсіпорындар, қожалықтар ашу. Осындай асыл мұрат, ізгі үмітпен жасалған мерекеде әкім де, ақын да, имам да бір ойды – Бастаушы ауылдық округін гүлдендіруді түйіндеді.

Қайрат Бесбайыс

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз