Ағымдағы жылдың 13 қараша күні Аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы даланың жеті қыры - ұрпаққа ұлағат» атты танымдық сағаты өтті. Шараға Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінің 8 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Айнаш Бөкенбаева мен тәлімгер Айжан Ақылбаева қатысты. 

Танымдық сағаттың өтуіне мұрындық болған Тарихи-өлкетану мұражайының директоры Клара Рафикққызы Смаилова және Аудандық орталық кітапхана қызметкелері Әйгерім Маханова, Айгүл Ташубаева, Рая Нигматтулина, Динара Төлеуғалиқызы болды.


Аталмыш шараның мақсаты оқырмандарға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіру болды. Шарада алғашқы болып сөз алған Көкпекті ауданының Тарихи-өлкетану мұражайының директоры Клара Рафикқызы Смаилова:
- Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ тарихына болмыс бітіміне салт санасына айрықша мән беріп, жан-жақты дәйектеген. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласымен Қазақстан халқының тарихи және жарқын келешегіне қатысты кемел ойларымен емін-жарқын ақтарып, көптің көкейіндегі тұнып жатқан қатпар-қатпар сырлардың көзін ашты. Тас бұлақтың бастауындай кәусар тұжырымдар рухани жаңғырудың мән-мақсатын анықтап берген еді. Мақалада астын сызып бөліп көмкерілген ой бар. Бүгінгі іс-шараға қатысушылар, еліміздің болашағы өскелең ұрпақ сендер өздеріңнің түп тамырларыңды, мәдениеттеріңді, тарихтарыңды біліп Отансүйгіштік қасиетке ие болуларың тиіс. Тарихқа деген мақтаныш сезімін ояту, патриотизмге тәрбиелеу отбасынан және мектеп қабырғасынан басталуы тиіс, - деп ойын қорытындылады.
Сонымен қатар, шара барысында «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейнебаян көрсетіліп, «Жылқы жеті – қазынаның бірі» атты презентация көрсетіп баяндама жасаған аудандық кітапхананың кітапханашысы Айгүл Ташубаева болды. Сондай-ақ, оқушылар арасында «Кім жылдам?» атты сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, Санжар Базаров, Еркебұлан Қабатаев, Әлімжан Мадиев білімділіктерімен көзге түсіп белсенділік танытты.
Орталық аудандық кітапхананың қызметкері Динара Төлеуғалиқызы «Ұлы даланың жеті қырына» арналған «Асыл сөз» атты өлеңін оқушылардың назарына ұсынды. Шараны қорытындылаған Клара Рафикқызы келушілерге және ұйымдастыру алқасына ризашылығын білдірді. Үлкенбөкен ауылынан арнайы келген оқушылар үшін мұражай ішінде саяхат өтті. Оқушылар үлкен әсермен тарқасты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз