Абай Құнанбайұлы - ақын, ағартушы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либеральды, білімді, Исламға таяна отырып, орыс және Еуропа мәдениетімен жақындау арқылы қазақ мәдениетін жаңғыртуды көздеген реформатор.
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» тақырып ауқымдарымен, дүниетанымдық терең дінмен, саяси әлеуметтік салмақтығымен көрінді. Абай Пушкин, Герцен, Салтыков, Шедрин, Крылов, Достаевский, Тургенеев, Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Сант-Петербург пен Семейге айдалып келген. Михаэлиспен 80 жылдарда орыс демократтары Долгоносов, Лермонтовпен танысады. Бұл азаматтардың озық ойлары Абайдың саяси-әлеуметттік көзқарасына игі ықпалдарын тигізетіні сөзсіз еді.


Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы «Приходская школаға» қосымша түсіп, орысша сауатын ашады. Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған, орысшадан өлеңдерін аударған Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, әсіресе екі ақынды аударған, олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Ұлы ақын ағартушы Абай музыка саласында айтарлықтай қалғандай мұра қалдырды. Ол жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылымды игеруге, білім үйренуге шақырды.
Көкпекті ауданында осындай қуанышты күндер жиі болып тұрсын! Еліміз аман, ірге тыныш болып, ауыз-бірлігіміз шайқалмай, бейбіт күндердің аясында аман болып, татулық, тұрақтылық жағдайда біртіндеп тойлата берейік!
Бүгін сіздердің өмірлеріңізде мәңгі ұмытылмас есте қалар тарихи күн! Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіштің салтанатты түрде ашылу рәсіміне жиналып тұрмыз. Бұл аудан әкімі тара-пынан жасалған үлкен ерлік қой!

Фруньзе Елғазыұлы Жақсылықов, зейнеткер, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз