Көкпекті жастары Елбасы жариялаған «Жастар жылын» игілікті істерімен мазмұнды етуде. Аудан көлеміндегі ауқымды шараларды өткізумен шектелмей өңір жастарына үлгі болар істердің алдыңғы қатарынан көрініп жүр. Қыркүйек айының басында жастар қолға алған тағы бір тағылымы мол шараға куә болдық.

Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылының тұсында, Өскемен-Алматы тасжолының бойы-нда халқымыздың біртуар перзенттерінің бірі - Би Боранбай Қалқаманұлы бабамыздың мәңгілік мазары бар. Ол мазарды жұрт «қасиетті, әулие баба қабірі» деп санап, жолаушылар да зиарат етіп жүреді. Би Боранбай сияқты күллі болмыс-бітімін ел тәуелсіздігіне арнаған рухты бабамыздың жатқан жеріне кесене тұрғызып, ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетуді бүгінгі зиялылар қолға алған болатын. Қазір кесене салынып жатыр. Оның құрылысына көкпектілік жастар да көмек көрсетіп, басына дұға жасап, елдік пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Ішкі саясат бөлімі мен Жас-тар орталығы ұйымдастырған шараға 40-қа жуық жас тартылды. Демалыс күні әр ауылдық округтен атсалысуға келген жастар автобуспен Жарма ауданына аттанды. Тағылымы мол шараның басы-қасында аудандық орталық мешіттің наиб имамы Кенжебек Ахметқали, жастар орталығының жаңа басшысы Мағжан Жадрин, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азат Рахымбай, Шұғылбайдан арнайы келген Дәлел Мұсағазинов сынды көшбасшылар жүрді.


Ақтаудың ақ кірпішінен салынып жатқан Би Боранбай кесенесінің, жалпы кешеннің архитектуралық кескіні ерекше сәулетті. Ертемен жеткен жастар бірден іске кірісіп те кетті. Алдымен құрбандық шалынып, Би Боранбай Қалқаманұлының рухына дұға бағышталды. Құрылыс басындағы сәулетшілердің нұсқауымен қатты қалдықтарды шығарып, ауыр кірпіштерді тасу сынды жұмыстар атқарылды. Кесене аумағына отырғызылатын ағаштарға арнап шұңқыр қазылды.
- Түрлі шараларға қатысып жүрміз. Алайда жастардың осындай тағылымы мол істерге атсалысуға деген құлшынысы ерекше. Бұл біз үшін де қуанышты жағдай. Ел мен жер үшін еңбек еткен қайраткер ата-бабалардың рухына тағзым ету, есімдерін еске сақтау өскелең ұрпақтың қасиетті парызы, - дейді Шұғылбай ауылдық округінің жастар маманы Дәлел Мұсағазинов.
Қазақ тарихында ұлттық тұлғаға, көзі тірісінде өз руының ұранына айналған жаужүрек батыр - Боранбай би Қалқаманұлы. Боранбай батыр жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысты ұйымдастырушы қолбасшысы, Қаракерей Қабанбай батырдың сенімді серігі, Найман елінің қабырғалы биі.
Халық атын атамай Бибабам деп атап кеткен Қалқаманұлы Боранбай өзінің жаужүрек батылдығымен, әділдігімен және қайырымдылығымен ерекше көзге түскен. Боранбай би Қалқаманұлы жас күнінен бастап жоңғар шапқыншылығына қарсы халқымыздың жүргізген азаттық күресінің басы-қасында болады. Батырдың есімі сол кездегі оқиғаларға арналған ерлік дастандарында жиі кездеседі.
Еліміздің тарихында жаугершілік заманда қаһармандық ерлік көрсеткен немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғасы атанған. Боранбай би Қалқаманұлы да халық батыры, ұлттың қаһарман тұлғасы, халық жадында мәңгі сақталар ұлы есім.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз