Недавно в районном центре прошел массовый кокпар. Национальная игра, организованная местными жителями, стала продолжением эстафеты проведения игр между селами района. Около 40 всадников из 6 населенных пунктов приняли участие в состязании, которое проходило на специально расчищенном от снега поле Атшабар.

Местные наездники, принявшие эстафету проведения этого спортивного мероприятия от кокпаристов села Кокжайык, своими силами организовали красочное состязание. Оно было организовано известными в районе атбеги Бауыржаном Тусупжановым, Оралбеком Бекишевым и Жасуланом Данановым.

Толығырақ...

Бәйге, көкпар десе ішкен асын жерге қояр азаматтар ауданымызда жетерлік. Аламанда топ жарып, үнемі қанжығалары майланып жүргендер де біздің жерлестеріміз. Өңірімізде тақымы мықты білекті жігіттермен бірге аттың бабын бірден байқайтын атбегілер де аз емес. Кейінгі жылдары атбегілік өнерге қызығушылардың қатары көбеймесе азайған жоқ. Көкпекті ауданында сәйгүлігін бәйгеге қосып, көкпар тартқызып жүрген атбегілер де бар. Осындай ұлттық ойынды жандандыруға атсалысып жүрген азаматтардың бірі Оралбек Тоғаспаев.
26 тамыз күні Көкпекті ауылының тұрғыны, ат баптаушы Оралбек Тоғаспаев немерелері Қазынаның тұсау кесу, Бақбергеннің бесік то-йына арнап, ипподромда көкпар мен бәйге жарысын ұйымдастырды. Ұлттық шараны ұйымдастырушы Оралбек Бекішұлының айтуынша 12 шақырымдық топ бәйгеде 21 қылқұйрық шапты. Тай жарысында 9 тай жарысты. Соңынан жаппай көкпар өтті. Жарысқа Семей қаласы, көршілес аудандар Ақсуат, Самар, Жармадан, өз ауылымыздан да жүйрік тұлпарлар қатыстырылды. 12 шақырымдық қашықтықта бәйгеден озып келіп, бас жүлдені Семей қаласынан келген Ықыласовтар әулетінің «Тайқара» есімді тайы жеңіп алды.

Толығырақ...

16 шілде күні халық емшісі, әулие Ырғызбай Досқанаұлы кесенесінде Көкпекті ауданы ата рухына бағыштап ас берді. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың тікелей мұрындық болуымен атқарылған игілікті шараға ауданның жас-кішісі түгел қатысты. Ел құрметтеген ақсақалдар, ел ағалары, атқамінер игі-жақсылар, зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары, жастар қасиетті топырақтағы шарада бас қосты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы бастаған ақсақалдар, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, Көкпекті ауданының құрметті азаматы Қуан Түсіпбеков, ел ырысын еселеген шаруа қожалық басшылары астың құрметті қонағы болды. Көршілес Ақсуат ауданының әкімі Асхат Смаилов және Тарбағатай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерсін Ескендіров бастаған екі ауданның азаматтары да асқа арнайы шақырылды. Ақсуат пен Тарбағатайдың ел ағалары Б.Сабуров, А.Боғырбаев, Е.Құттыбаевтар да Ырғызбай ата асында көпшілік ортасынан табылды.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде аудандық мәдениет үйінде қасиетті Рамазан айына орай аудан басшысы Раджан Сейтқановтың бастамасымен «Рухани құндылықтар қоғам бірлігінің негізі» атты аудандық имамдар форумы өткізілді.
Форумға ШҚО бас имамы Ермек қажы Мұқатай, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ернат Қыдырмоллаев, аудан прокуроры Олжас Қалматаев, аудандық мәслихат хатшысы, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері және барлық ауыл мешіттерінің имамдары қатысты.
Аудан көлемінде имамдар форумы тұңғыш рет өткізіліп отыр. Осындай форумдар арқылы аудан тұрғындары үлкен рухани азық алып, ауданда дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар сараланады. Сондай-ақ, аталмыш форум барысында өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Толығырақ...

Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен "Zoom" платформасы арқылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсыновтың музыкалық әлемі» атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың музыкалық мұраларын аудан тұрғындары арасында насихаттап, өмірі мен қызметі жайлы ақпарат беру. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды оқып үйренуді жүзеге асыру мақстандағы аталмыш іс-шара жалпы көпшілікке бағытталды.
Кеш барысында ауданымызға белгілі журналист Қайрат Мәлікаждар кіріспе сөзбен ашып, осы шараның модераторы болды.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз