Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

24-26 қазан аралығында ШҚО орталығы Өскемен қаласында  кадеттер мен юниорлар арасында шалт қимылмен қарсыласын шаң қаптыратын шығыс жекпе жегінен облыс чемпионаты өтті. 1990—1995 жылдарда тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек еткен таэквондодан қара белбеудің 6 дан иегері, Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің есімімен тығыз байланысты спорттың бұл түрі елімізде қанатын кеңге жаюда.

Таэквон-До, ушу, каратэ тамырын жүздеген ғасырлардан тартып жатқан ең көне жекпе-жектер саналады. Кореяда, Қытайда, Жапонияда пайда болған бұл шығыс шайқастары бүгінгі таңда осы халықтардың ұлттық мәдениетін бейнелейді. Аталған елдерде бұлар спорт түрлерінен гөрі адамның рухани тұлғасын қалыптастыратын күш-қуат, әдіс-айла амалдары болып табылады. Адам рухани жағынан мықты болуы үшін оған күшті, шыдамды, шапшаң, икемді және ептілікті дамыту жаттығулары жасалып, денесі шынықтырылады.

Ауданымызда жасөспірімдерді шығыс жекпе жегіне баулуда мәслихат депутаты, таэквон-до спортынан қара белбеу иегері, 2-ші Дан дәрежесі бар, аталмыш спорттың жаттықтырушысы Бахыт Ғазизұлы Рахимовтың бұл істегі еңбегі ұшан-теңіз. Облыстық чемпионаттан қоржынын қомдап қайтқан жаттықтырушы Б.Ғазизұлы қуанышымен бөлісті.

-Тартысты өткен жарыста көкпектілік спортшылар жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. Атап айтсам, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептен Назер ке Болатжанова 44 кг салмақта I-орын (юниор), Мөлдір Өмірбекова I-орын (кадет), спортшыларымыз қарсылас шақ келтірмей бірінші орындардан көрінсе, 47 кг салмақтағы (юниор) Самал Ғазизова, 63 кг салмақта (юниор) Әділжан Ақышев, 53 кг салмақ дәрежесінде (юниор) Шыңғысхан Серікбай сынды спортшылар жүлделі екінші орындарға табан тіреді.

Жүлделі орынға қол жеткізгендер ШҚО құрама командасының құрамына кірді. Енді олар қараша айының аяғында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысып, бақ сынайтын болады, - дейді спорт шебері өз әңгімесінде.

Бір айта кетерлігі, тәуелсіздік алғалы бері шығыс жекпе жегінің бұл түрі Қазақстанда, әсіресе жетіншектердің арасында кеңінен орын алып келе жатқаны қуантады. Оның ішінде Көкпекті ауданы спортшыларының жеткен жетістіктері де шаш етектен. Аудандағы шығыс жекпе жегін дамытуға бар күшін салып, осы уақытқа дейін қаншама шәкірт тәрбиелеп, спорт қоржынын алтын, күміс және қола медальдарға толтыруда қомақты үлес қосып жүрген спортқа жаны құмар азамат Бақыт Ғазизұлына талантты шәкірттеріңіз көп болсын, табыстардың биігінен көріне беріңіз дегіміз келеді.

Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам өз ағзасының саулығына көңіл бөле қарау қажет екені белгілі. Әр адамның бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оған ынталандыру, дене тәрбиесімен айналысу, зиянды әрекеттерден жат ағымдардың ықпалына еріп кетудің алдын алу – бүгінгі күннің басты мәселесі. «Дені саудың – жаны сау» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Елдің келешегі жарқын болу үшін денсаулығы мықты ұлт қалыптастырудың маңызы зор. Осыған орай, денсаулық және спорт фестивалін бүкіл елімізде жаппай бір күнде өткізу жыл сайын дәстүрге айналуда.

Көкпекті ауылындағы орталық алаңда 6 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі - 2014» атты акция аясында мекемелер мен кәсіпорындар, мектеп оқушылары арасында дене шынықтыру мұғалімдерінің нұсқауымен жаттығу жасалды. Қ.Раев атындағы балалар үйінің ұжымы, қорғаныс бөлімі, өрт сөндіру ұйымы, мектеп ұжымы және оқушылар Президенттік миля бойынша жүгіруден өткен жарысқа белсенді қатысқан мекемелер. Атап айтсақ, балалар үйінің тәрбиешілері Қ.Тыныбаев пен Г.Жұманова, оқу ісінің меңгерушісі Х.Құсайынов, қорғаныс бөлімінен Д.Нұрекенов пен Рысбек ???сынды азаматтар жүгіруден алдарына жан салмады. Жүгіріс сайысынан соң спорттық іс-шара, кіші футбол, қол күрес, гір көтеруден жарыстар өткізілді. Жарыс жеңімпаздары спорт бөлімінің арнайы тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

С.Теміржанов, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы

Аудандық І жазғы Спартакиадасында спорттық жарыстардың барлық түрі бойынша жалпы есепте ІІІ орын алған Үлгілімалшы ауылдық округінің командасы Самар ауылында спорт күніне орай  өткен дәстүрлі спартакиадада жүлделі ІІ орынды иеленіп, ауданда үлгілімалшылық спортшылар мықты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спорттың барлық түрлерінен қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Мамай ауылының жастарынан құралған футбол командасы І орын, үлгілімалшылық волейболдан қыздар командасы ІІ орын, волейбол ұлдар командасы ІІІ орынды иеленсе, жекелей көрсеткіштер бойынша қазақша күрестен, гір көтеруден, теннистен, жеңіл атлетикадан 100 м-ге жүгіру, гранат лақтыру, шахмат, дойбыдан жүлделі нәтижелер көрсеткен спортшыларымызбен мақтанамыз. Үлгілімалшылық ардагер спортшы Мұхамедқали Ақбұзауов, Мамай ауылының футбол командасының капитаны Еркебұлан Мәкешев округтің волейбол командасының ойыншысы Ерсін Ботабаев аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ауылдан шыққан түлектердің бірі волейболдан спорт ардагерлерінің ізін басқан Олжас Айжақсин ауылының патриот ұлы екендігін дәлелдеп, спартакиадаға арнайы келіп қатысты. Спортшылардың жарысқа қатысуына демеушілік көрсеткен шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлерге рахмет айтамыз. Спортшылардың іріктеу ойындарына, Самар ауылындағы ақтық ойынға баруына көлікпен тасымалдап демеуші болған Қайрат Солтанғазин, Дидар Ғаниев, Сағат Мұсаев, Серік Омаров, Ержан Елубаев және тағы басқа азаматтарға алғыс білдіреміз. Салауатты өмір салтын ұстанған үлгілімалшылықтарға әрқашан жеңіс тілейміз.

М.Мырзабекова, Үлгілімалшы ауылы 

Қалиқан Алтынбаевтың «Көкпекті» кітабының 14-бетінде; «Швец жолдаған архив деректері бойынша Көкпекті казак - орыс бекінісі 1763 жылы салыныпты» – деген. Құжат көзіне сілтемесі жоқ, үзілді-кесілді ақпарат бар. Мұндай ақпаратты кітапқа кіргізу оңай да, ал атақты ақынымыздың сөзін жоққа шығару қиынырақ болатын көрінеді. Осы уақытқа дейін, Көкпектінің тарихын ешкім құжат арқылы жаза алмай жүр. Менен де ауық-ауық оқушы қауым осы туралы сұрап қояды, бірақ қолымда құжат болса да, оны жазудың сәті енді түсті. Н.Коншиннің мақаласын қазақшаладым, менің қосымшаларым осындай курсивпен жазылды. Коншиннің мақалаларының ең құндылығы, оның қолында бүкіл Семей облысы архивының құжаттары болған. Сондықтан Коншин қазақ даласындағы болған оқиғаларды, көзі көргендей, құжат негізінде жазған.

«Көкпекті округының ашылуына» деген еңбегінде:

Көкпекті немесе Кокпектинск – өткен ғасырдың 30-40 (1830-40) жылдары Семей облысының батысында Орыс-Қытай шекарасындағы ең басты әскери бекеті, ал қазір шамалы ғана (заштатный) қала.

Менің бұрынғы шыққан «Аякөз округінің ашылуына» деген мақаламда айтылғандай, өткен ғасырдың 20-жылдарында қазақ руларының болыстары, басшылары арасында, бітпейтін итіс-тартыстың салдарынан, осылардың өкілдері қазақ даласында, 1822 жылғы ережеге сәйкес, округ ашу туралы біршама талап қоя басталды.

Соған байланысты, қазақ сұлтандары бір-біріне шағым түсіріп, жиі-жиі, өздерін қолдаушы әскери күш сұрай бастады.

Батыс  Сібір әкімшілігінің шет ел қазақтарының ісіне белсенді түрде қол сұғуы, әсіресе, орыс қожалығын қазақ даласына қарай кеңейтуді қолдайтын, Батыс Сібір Генерал-Губернатор міндетіне генерал-лейтенант Н.А.Вельяминовты, 1827 жылы сайлаған кезден басталды. Өзінің ұсынысына жоғарғы жақтың жаңа округ ашуға рұқсат алып, Омбы облысының бастығы генерал-лейтенант де Сент-Лоранға, Ертістің арғы жағына, Қалба тауының маңына отряд жіберуге нұсқау береді.

Қазақтардан ешқандай қарсылық көрмеген орыс отряды, Көкпекті өзенінің бойына келіп, тоқтайды да, 1830 жылы сол жерге бірнеше ағаш үй салып, оның атын, өзенге ұқсатып Көкпекті қояды.

Орыстардың бұл Зайсан жазығына келіп орналасуы, бір бекеті осы жаңадан салынған елді мекеннен алыс емес, Бөкен деген жерде орналасқан қытайлықтардың, үлкен наразылығын тудырады.

1831 жылы, шекарадағы бекеттерін аралауға, Шәуешектен шыққан қытайдың амбаны, Көкпектіде тұрған сотник Недорезовке, өзінің шенеуніктерін жіберіп, Қытай қоластына қарайтын, Ханғожиндердің  жаз жайлау жеріне кіріп алған орыстардың, жерді босатуын, бірнеше мәрте, болар да болмай талап етеді.

Қытайлықтардың бұл ұсынысын Недорезов орындаудан бас тартып, оған жазбаша: өздерінің Ресейдің жоғарғы бастықтарының нұсқауымен келіп отырғанын және олардың бұйрығынсыз кете алмайтынын айтып, жауап береді.

Амбань оған ешқандай да жауап бермей, бірақ, кейінірек Батинский бекетінде, Бұхтарма әскери балықшыларының бақылаушысы хорунжий Корниловпен кездесіп, орыстардың қытай жерін басып алғанын айтып, шағымданыпты. Тіпті оларды Көкпекті өзенінің бойынан күшпен қуып шығамын депті.

Әрине, қытай амбаны айтқан қоқан-лоқысын орындаған жоқ, бірақ қытай шенеуліктерінің Көкпектіге келіп кеткені, қазақтардың арасына тез тарады. Орыс отрядын қуып шығу үшін, қытайдан 500 тіпті, 1000 кісілік әскер шығыпты, олардың алды келіп те қойыпты, деген сияқты қауесет те айтылып жатты. Осындай өсектің салдарынан кей кезде, мысалы Матай болысы (Қарауыл-жасық болар), 10 казак отрядымен барымташыларды қуып келе жатқан урядник Рагозинді, өз жерінен өткізбей де қойыпты. 

Осы секілді көптеген жағдай, шетел шекара әскери отрядының бастығы хорунжий Ньюхалевті, тым мазасыз болыстарды аралап, ешнәрсеге елең болмаңыздар деп, тыныштандыруға мәжбүр етті. Матай болысына барғанда, Ханқожа сұлтанның ұлдары Жанбөбек пен Сыбанқұл осы болысқа жақын жүретінін және олардың қытайлықтармен тұрақты байланысы бар екенін естіді. Саржомарт болысынан қайтып келе жатып, Себі мен Ағынықатты бекеттерінің арасында, қарауыл-жасықтармен бірге қытайлықтарды кездестірді. Олардың айтуынша қарауыл-жасықтар қытайлықтардың Бөкен және Құлынжон бекеттеріндегі жылқысын «Қытайлықтардың өтінішін сыйлағандықтан» – (Ньюхалев Омбы облыс бастығына осылай деп жазыпты), бағып жүрген көрінеді.

Ал өздерін Қытай мемлекетінің құзырындамыз деп санайтын қарауыл-жасықтар  біздерге «бұл жерден тезірек Қалбаға қарай, ең кемінде 30 верста кетіңдер» деп бұйрық берді.

«Қазақтар, қытайлықтардың бұл жерді өз билігінде сақтай алмайтынын байқап, Ресейдің қол астына кіргісі келетіндіктерін және қытайлықтардың өзіне «біздің жайлауымызды қорғап, кейде малымызды барымташыларды қуа алмасаңдар, онда бізді өзіміздікі деп, ешқашан айтпаңдар» депті. (Өткен ғасырдың 20-40 жылдары сұлтан Ханғожиндер Аякөз және Көкпекті қазақтарының ішіндеайтарлықтай беделді орын алды. Бұлардың орыс әкімшілігінің Аякөз округін ашу және ұйымдастыру кезіндегі қарсы әрекеттері менің «Аякөз округінің ашылуына» деген мақаламда толық баяндалған).

Қарауыл-жасықтардың Қасаболат және Дүйсен тармағынан шыққан, 1918 жылы Орыс үкіметінен старшын атағын алған екі биі, және Бұрынбай орыстардың қоластына өтпекке тілек білдірді, тек Ньюхалевтің келесі келген кезінде» (Бұл Ньюхалевтің Омбы облыс бастығына жазған хаты).

Ньюхалевтің шекарада болған уақиға туралы хабарын алған Омбы облысының  бастығы де Сент-Лоран,  оған, қытайлықтарға өздерінің Көкпектіге келген себебі туралы  жазбаша жауап бергені үшін, Недорезовке «өте қатаң сөгіс» бер деп бұйырды. Келешекте қытай шенеуліктері қайта келсе, оларға өте-мөте сыпайылық  көрсетіп, егер тағы да мекен туралы сөз болса, бізді жоғарғы бастықтарымыз қазақтардың арасында  байсалдылық, тыныштықты сақтау үшін жіберіп отыр десін. Ньюхалевтің өзіне де Сент-Лоран, Қытай мемлекетінің наразылығына ұрынбау үшін, қытай қоластындағы қазақтармен ешқандай байланыс жасамауын тапсырды.

Батыс Сібір генерал–губернаторына барлық жағдайды хабарлай отырып, де Сент-Лоран: «Егер Қытай шындығында бізді бұл жерден қуу үшін отряд жібере қалса, бізге қандай бұйрық бересіздер, соны хабардар етсеңіз», – деп сұрақ қойыпты.

Де Сент-Лоранның өз ойы бойынша, «Біздіңше, бір ыңғайлы сылтау тауып, отрядты қытай қоластындағы қазақтардың жерінен алшақтау, басқа жерге өзіміз көшіріп қойғанымыз дұрыстау болар еді. Әйтпесе, қытайлықтардың талабы арқылы көшсек, қазақтардың арасында бұрыс сөз болмас еді», – депті.

Бұл сұраққа Вельяминов, де Сент-Лоранға: «Ньюхалев отрядымен қытайдың бекеттерінің қасына барған кезде, өзінің абайсыз ісімен оларды ренжітіп алып, сол арқылы қытайлықтардың қоластындағы қазақтардың наразылығын тудырып, қытай қоластында қала беруді артығырақ көретіндей ой тудырмау керек», – деп, үнемі айтып отыру керек депті. Тіпті, жоғарыда айтылған Ньюхалевтің Себі бекетінің қасында, қытайлықтармен сөзі, Генерал-губернаторға тұрпайы көрінді. Ол Ньюхалевке ескерту жасап: «Ресей мен достық қарым қатынастағы мемлекеттердің қоластындағы адамдарымен дөрекі сөйлеп, ақылға сыйымсыз қылық жасамау керек», – депті.

Ал де Сент-Лоранның тура қойылған «Егер Қытай бізді бұл жерден қуу үшін отряд жібіере қалса не істейміз?» – деген сұрағына, Генерал-губернатор өзі де не істеу керек екенін білмеген болар.

Қытайлықтар Көкпекті өзенінің бойына келіп орыстардың жер иемденгеніне қарсы болып қана қоймай, 1830 жылы округ аша бастаған Аякөз жағының қазақтарының арасына, бар ынта-жігерімен іріткі сала бастап еді. Сондықтан, Генерал-губернатор өз бетімен қытайға қарсы әрекет жасауға бата алмай, 1831 жылы қыркүйек айында, қытайлықтардың Көкпекті мен Аякөз жеріне дәмелі екенін Вице-Канцлерге хабардар етіп, оның: «Мархабатты Император, қастандық істелген жағдайда алған жерімізді қытайға босатып берейік пе, әлде тойтарыс беруге ризашылығын бере ме екен?» соны біліп беруін сұрапты.

Генерал-губернатордың қозғалған сұрағы жалпы Сібір және Азия комитеттерінде, 28-желтоқсан 1831 жылы қаралыпты.

Менің «Аякөз округының ашылуына» деген мақаламда айтылғандай, комитеттер қытайлықтардың талабы орынсыз деп тауып шешті:

1. Қазақтардың шекарасы, Қытай мемлекетімен жасанды (формально) арақатынас жағына кірмейді. Ол туралы Трибунал бізге, не Иркутскінің губернаторына арақатынасқа шықпаса.

2. Батыс Сібірдің Генерал-губернаторына нұсқау беріледі:

1) Көкпекті шатқалындағы және Аякөз округындағы біздің отрядтарды сол тұрған жерінен тапжылтпай, ерекше бұйрықсыз, одан әрмен қытай шебіне қарай да жылжытпау керек.

2) Егер ойламаған жерден Қытай мемлекеті мәселені түсіндірмей тұрып, қытай шекарашылары күш көрсетіп, отырған орнымызды қалдыр десе, онда ол қимылды мемлекеттің ісі емес, тек жергілікті шенеуніктердің өз бетімен жасаған қимылы деп қарап, оларға біздің мемлекет пен Қытай мемлекеті бейбіт және достық қарым-қатынаста екенін және жергілікті қарауылдың алдына қойылған бұйрық, бір жағынан береке-бірлікті сақтау, екінші жағынан, екі мемлекеттің келісімі болмаса, отырған жерін қорғап, сақтап қалуы керек екенін мықтап тұрып түсіндіруі керек. Егер бұл айтылғандарға күш көрсетушілер, құлақ аспаса, тек күш жағынан үстем болса ғана, шегінуі керек.

Жоғарыда аты аталған комитеттердің ортақ қатысу журналын, 9 қаңтар 1832 жылы Ұлы мәртебелі тақсыр қарап, 14-қаңтар күні комитеттер шешімге келді:

«Журналдың көшірмесі Батыс Сібір Генерал-губернаторына орындау үшін хабарлансын, ал Вице-канцлер мен Шығыс Сібір Генерал-губернаторы ол туралы мағлұматтандырылсын.

Жоғарыдағы комитеттердің шешімін, Генерал-губернатор Омбы облысының бастығына хабарлап, бұрыннан одақтас қарым-қатынастағы Қытай мемлекетімен  достықты қатаң сақтап, олардың наразылығын тудыратын ешқандай сылтау туғызбай, қытай қарауылы мен шенеуліктерінің көзіне түсетіндей әрекет жасамай, олардың шекарасынан аулақ жүріп, сонымен қатар комитеттердің шешіміне сәйкес, орнығып алған жерлерін бермей, олардың да жеріне кірмеулері, заң жүзінде қатаң қадағаланатынын ескертті. Егер қытайлықтар айтылған пікірге місе тұтпай, күшпен отырған жерлеріңнен қуамыз десе, шамалары келгенше, егер сан жағынан басым болмаса, тойтарыс беру керек.

Ньюхалевтің де Сент-Лоранға жедел берген құпия хабарына қарағанда, қытайлықтар Көкпектідегі орыс отрядын, қуып шығу қаупін туғызбаса да, көпке дейін мазалапты. Төменде мен Ньюхалевтің құпия хабарына толық тоқталамын. Меніңше, онда қытай мен орыс шекарашыларының арасындағы қатынасы жақсы суреттелген.

15 маусым 1931 жылы, Ньюхалев болыстарды аралап келген күні, қытайдың Бөкен бекетінің басқарушысы галдай, достық ретінде ме, әлде басқа шаруасы бар ма екен, «аман-сәлем үшін» екі қалмақты жіберіп, «отрядтың хал-ахуалын» сұратыпты. Оған жауап ретінде, Ньюхалев те өз кісілерін жіберіп, естуінше оның «қант пен шарапқа мұқтаждығын» ескеріп, Ньюхалев оған оның «мұқтаж заттарын» да жеткілікті мөлшерде беріпті. Сонан соң, Ньюхалевтің шақыртуымен, екі жұмадан соң, галдайдың өзі, қасына 10 төменгі шенді адамын ертіп, келіпті. Ньюхалев оны тиісті сый-сыяпатпен өз пәтерінде қарсы алыпты. Сөз арасында галдай, «Шәуешек амбаны жарлық етіп, орыс отряды Көкпекті бойында әлі отыр ма, біздің уаң, сұлтан Ханхожиндер  мен қарауыл-жасықтардың келешек қыстауына қыспақ көрсетпей ме, деп сұрады», - дейді. Ньюхалев ондай қимыл болмайды деп галдайды сендіріп, онан соң «шай, арақ, қонақасы» беріп, қасындағы адамдарына да шеніне сәйкес күтім көрсетіпті. Кетерінде галдайға киім тігіп кию үшін вельвет сыйлапты, ал сотник Недорезов онан бұрын галдаймен танысып, оған жорға ат сыйлаған екен.

Үш күн өткеннен соң, Ньюхалев, Недорезов және толмаш Корнилов бір урядник және 3 казак ертіп, қарсы қонаққа барыпты. Бұларды да жақсы қарсы алып, достық қатынастарын сөз етіп, шай, өздері жасайтын шараптарын құйып, қонақасы беріпті.

Қытайлықтар келесі жолы 1832 жылы сәуір айының аяғында, 6 галдай, және 15 төменгі шенді адамымен келіпті. Ньюхалев бұларды да тиісті сый-сыяпатпен бәр пәрменімен құрметтеп, әскери тәртіппен қарсы алыпты.

Галдайдың басшысы Ньюхалевке: «бізді амбанымыз, тек бір ғана, орыс құрылыстарын бұл жерден алып тастау тапсырмасымен жіберіп отыр. Себебі қытай мемлекетіне бағынышты қазақтар мен олардың сұлтандары, әсіресе Ханхожиндер осы туралы шағым түсіріпті», – деді.

Ньюхалев оған, қазақтардың наразылығы орынсыз, біз тіпті қытайлықтардың талабына сәйкес, құрылысымызды өзеннің арғы жағынан екінші жағына қарай көшіріп, қайта салдық .Орыстардың құрылысы өте үлкен болмаса да, әр жаз сайын үйлерімізді қайта-қайта көшіре беру бізге де қиындыққа соғады, біздің үйлер қазақтардың киіз үйі емес қой деп, өз сөзін дәлелдеуге тырысып бақты.

Сонан соң әңгіме «қызметке қатыссыз басқа ағымға түсіп», аяқ жағы галдайларға арналған қарапайым сый табақ-шәй, арақ, қонақасына айналды. Қытайлықтардың төменгі шендері де, өз шамаларына қарай күтілді. (Шын мәнінде үйлерді көшірудің нағыз себебі, Көкпекті өзені тасыған кезде, тасқын су үйлерін алып кету қаупінен еді).

(Жалғасы бар) 

Сыдықов Мүсәйіп Қыдырқанұлы, шежіреші, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан

Дарын - адамбойындағыасқан талант, ерекшеқабілет. Яғнидарынды бала асқанталанттыңиесі. Жасжеткіншектіңбойындағытабиғатбергенерекшеқабілетті, дарындылықтытанибілу, оныңоданәрідамуынабағыт-бағдар беру оңайісемес. Сондықтан әрбір ата-ана мен әрбір ұстаз алдындағы міндет –көкірегінде сәулесі бар, талантты баланы ерте бастан тани біліп, оның ақыл-ой қуаты, өнерге деген құлшынысы баға жетпес резерв екенін ескеруі қажет.

Біздің бүгінгі әңгімеміздің арқауы ауданымызда жасыл құрақтай болып өсіп келе жатқан өнерлі бүлдіршін Аймара Айдарханова туралы болмақ. 2006 жылы 4 қазанда Үлгілімалшы ауылында дүние есігін ашқан Аймараның әкесі Айдарханов Мәдениет автокөлік жүргізушісі, анасы Апсалямова Гүлнар музыка пәні мұғалімі мамандығын меңгерген қарапайым отбасы. Оның Бейбіт және Мират атты екі ағасы бар. Аймараның анасы Гүлнар бүгінгі таңда Қ.Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде бас қобызда өнер көрсетеді. Әкесі Мәдениет орталық ауруханада жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі.

Анасының айтуынша Аймараның өнерге, әсіресе, би билеуге бейімділігі сәбилік шағынан байқалыпты.

-Аймараныңөнерге, музыкаға бейімділігін буыны бекіп, тәй-тәй басқан кезінен байқадым.Ол Үлгілімалшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің шағын орталығында тәрбиеленіп жүрген бүлдіршін шағынан-ақ өнер бәйгесінде бағын сынай бастады.Оның өнерге бейімділігін аңғарған тәрбиешісі Ағылбаева Сұлушаш апай ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнатып, мектепішілік шараларға, байқауларға қатыстыра бастады.Аймара 2010 жылы Көкпекті ауданының 80 жылдық мерейтойына орай, бес балабақша арасында бөбектердің қабілетін ашу және сахна тілін меңгертуге баулу, шығармашылық жұмыстарын бағалау мақсатында өткен «Көкпектінің бәйшешектері» атты өнер байқауына қатысты. Мауытханов Айәділ екеуі орындаған халық биі «Қара жорға» әділқазылар көңілінен шықты. Билеу шеберлігі үшін сол жолы Аймара I орынға лайық деп танылып, мақтау грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршін аудан орталығына келгенде «Шуақты шұғыла» балабақшасында да өз өнерін ұштай түсуіне тәрбиешілерімен бірлесе жүріп, бар мүмкіндікті жасауда болдым. Өзім өнер саласында жүргеннен бе оны әрбір мереке, өнер байқаулары, аудандық мәдениет үйінде өтетін шаралардан тыс қалдырмай қатыстыруға тырыстым. Аймара жаңажылдық шыршада «жылан жылы» рөлін, Наурыз мерекесінде «жаңа жыл», «Отты жылдар шежіресі» қойылымында бала рөлін, 2014 жылғы жаңа жылда ертегілер ертеңгілігінде «Маша мен аю» мультфильміндегі Маша рөлін,Ұлы жеңіс күніне арналған 2014 жылғы 9 мамырда өткізілген мерекелік іс-шараларда «Соғыстан қайтқан солдаттар» қойылымында көкесін іздеген бала рөлін сомдап, үлкендерден қалыспай өнер көрсетті. Аймара жеті жасқа келген шағына дейінталай рет сахна төрін бағындырыпты.Айта кетсек, Наурыз мерекесінде «Наурыз аруының»рөлі, «Өнегелі ертегілерде» ертегі кейіпкерлерін, қазақ оркестрінде және жуықта облыс орталығы Өскеменде өткен Көкпекті ауданы күнінде «Соғыстан қайтқан солдаттар» көрінісінде бала рөлін сомдап қайтты.Әрине, өнер жолы қиын жол екені белгілі. Бұл салаға ден қойған жан үнемі ізденіс үстінде еңбектенуден танбауы, киелі сахна төрінде көрермендерді еліктіре, қызықтыра білуі, үнемі өзін-өзі тәрбиелеуі қажет.

Ендеше, бармақтайынан осындай талғампаздықты, әсемдікті, сыни көзқарасты талап ететін қиын да қызықты жолды таңдап алған жас өрімтал Аймараға өнеріңмен биіктерге қол жеткізе бер. Тек ата-анаңның ғана емес, білім алып жүрген мектебіңнің, еліңнің намысын қорғап, даңқын көкке көтеретін өнерпаз азаматша бол дегіміз келеді.

Бақыт МҮЛІКОВА

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз