10-11 қаңтар аралығында Абай облысы Бородулиха ауданында дзюдо күресінен 2009-2010 қыздар және 2010-2014 жылдары туылған ұлдар арасында “BATYR” патриоттық клубының 5 жылдық мерейтойына арналған облыстық ашық турнир өтті. Байрақты бәсекеде ауданымыздың №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, керемет нәтиже көрсетті.
Әртүрлі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшыларымыз жүлделі орынға ие болды. Атап өтсек, Сейтаханов Ерасыл - 46 кг салмақ дәрежесінде І-орын, Мұхтарбек Арнұр - 20 кг салмақ дәрежесінде І-орын, Заманбеков Даналық - 50 кг салмақ дәрежесінде ІІ-орын, Араратов Арнұр- 32 кг салмақ дәрежесінде ІІ-орын, Ержанұлы Дарын- 35 кг. салмақ дәрежесінде ІІІ-орын, Серік Нұртөре - 29 кг салмақ дәрежесінде ІІІ- орынға ие болды. Жас споршылардың жаттықтырушылары: Дидар Әзекенов, Даулет Жотабаев, Дулат Турлыбеков.
Сонымен қатар командалық есепте аудан спортшылары ІІ-орынға ие болды.
Барлық спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.