Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында Волейбол спорты жаңа серпін алуда, бұл біздің волейболшыларымыздың әртүрлі деңгейдегі жарыстардағы табыстарынан айқын көрінеді. Бұған ауданның балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен басшылығы, сондай-ақ спортты бұқараға насихаттап жүрген мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері үлкен үлес қосуда.
Ұлттық Мектеп лигасы - бұл ауылдық жерлерде жас таланттарды табуға мүмкіндік беретін спорттық жарыстар, мектеп спортындағы ерекше жоба. «Шұбар доп» атты волейбол жарысы оның бір бөлігі болып табылады.


ШҚО ББ ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылғы 5-16 сәуір аралығында, Өскемен қаласында, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында, ұлдар мен қыздар арасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысының ұлттық мектеп лигасының жарысы өтті.
Спорттық іс - шараның негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау, оқушылардың рухани қайрат-жігерін шыңдап, патриотизмге тәрбиелеу.
Жарысқа аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 5-11-сынып (5-6-сынып, 7-8-сынып, 9-11-сынып) және 9-11-сынып оқушылары қатысты. Жарыстар қолданыстағы FIVB халықаралық ережелері бойынша өткізілді.
Жарыс қорытындысы біздің спортшылар үшін жемісті, жүлделі болды. Олар келесі номинацияларды: «Үздік ойыншы» - № 1 Самар орта мектебінің 9-сынып оқушысы - Максим Бритоусов, «Үздік либеро» - Аққала ауылының мектеп-балабақша кешенінің 8-сынып оқушысы - Ілияс Тұрғылдинов, «Үздік шабуылшы» аталымын Казнаковка орта мектебінің 6-сынып оқушысы Серікбол Нұрдәулет жеңіп алды.
Бұл турнирде командалар арасында барлық жүлделі бірінші орындарды біздің волейболшылар жеңіп алды! 5-6-сыныптар арасында Казнаковка орта мектебінің (жаттықтырушы - Дәурен Рақышев) оқушылары үздік атанды, 7-8-сыныптар арасында Аққала ауылының мектеп-балабақша кешенінің (жаттықтырушы – Фархат Озанов) оқушылары ерекшеленді. Ал 9-11-сыныптар арасында № 1 Самар орта мектебінің волейболшылары (жаттықтырушы – Медет Абаев) құрмет тұғырының жоғары сатысына көтерілді.
Сондай-ақ №2 БЖСМ жаттықтырушылары К.Молдабаев, М. Токов және Е. Нухаев волейболшыларды дайындауға өз үлестерін қосты. Казнаковка орта мектебінің оқушылары ағымдағы жылдың 13-21 сәуір аралығында Талдықорған қаласында волейболдан өткен республикалық чемпионатты бағындырумен ғана тоқтаған жоқ. Сол команда құрамасы тағы да турнир жеңімпазы атанды, бұл жолы республиканың түкпір-түкпірінен келген үздік командаларды жеңді. Жеңісті бәсекеде жүлдемен оралған спортшыларымызды дене шынықтыру және спорт, аудандық білім бөлімдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері құрметпен қарсы алды. Аудандық білім бөлімі балаларға сыйлық ретінде бас киім(кепка) сыйлады, ал спорт бөлімі волейболшыларға спорттық костьюмдерді сыйға тартуға уәде берді. Жас өспірімдер жарыстан алған әсерлерімен әлі күнге дейін қызу бөлісуде.
Азамат Орымбаев, Казнаковка орта мектебінің 6-сынып оқушысы:
- Мен 4 жыл бойы волейбол спортымен айналысып келемін. Бұл менің үшін алғашқы сайысым емес, бірақ жарыс-та мен барлық ынтаммен ойнаймын. Бәрі жақсы өтті. Қарсыластар мықты болды, әсіресе Түркістан және Ақтөбе қалаларының командалары жақсы ойын көрсетті. Бірақ біз бар өнерімізді салып және жеңіске деген ерік-жігерімізді көрсете білдік. Жергілікті ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бізге сенім білдіргендердің қолдауларын сезіндік. Бізді жаттықтырған бапкерлерімізге, бүкіл командаға, отбасыма және достарыма үлкен рахмет айтамын. Бізді алдымызда әлі де көп жеңісті сәттер күтіп тұр деп ойлаймын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз