Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш ауылында Бармақ батырды еске алуға арналған тұңғыш волейбол турнирі өткізілді. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ерен ерлік көрсетіп, ұлан-ғайыр қазақ даласын жаудан азат ету жолында өмірін құрбан еткен Батыр бабаны еске алу турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болды. Бұл туралы жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Смаилов айтты. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Биғаш ауылы бірігіп ұйымдастырған шара жоғарғы деңгейде атқарылды.

 

Уақ Бармақ батыр қазақ тарихында өзіндік орны бар дара тұлға. Қаракерей Қабанбай батырдың сенімді серігі, қол бастаған баһадүр. Қазақ даласын басқыншылардан азат ету жолында өмірін қиған ұлт батыры. Биғаш ауылына қарасты Қызылбұлақ аумағында, Көкпекті өзенінің жағасында Батыр бейіті сақтаулы тұр. Еліміздің барлық аумағын мекен ететін ұрпақтары жиналып Батырдың басына құлпытас, аудан орталығына кеудемүсін орнатқан. 2017 жылы аудан орталығында Бармақ Батырды еске алуға арналған футбол турнирі өткізілді. Ағымдағы жылы қоғам белсенділері тарапынан Толағай ауылындағы негізгі мектепке Бармақ батырдың атын беру, аудан орталығында көше беру туралы ұсыныстар енгізіліп, ономастикалық комисссия құптауымен маслихат қаралымына жолданды. Бұл ерекше оқиғаларды атап өтетін күн де алыс емес. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың тікелей мұрындық болуымен өткізіліп отырған волейбол турнирі Батыр бабаның есімі ұрпақ жадында мәңгілік жаңғырып, ұмытылып қалмайтынын анық көрсетеді. 1992 жылдан бері қаңырап бос тұрған Биғаш мектебінің спорт залы биылғы жылы қайта жөндеуден өткізіліп, соңғы 30 жылдағы алғашқы үлкен шараның Бармақ батыр рухына арналғаны көп нәрсені аңғартады.
Турнирді ұйымдастыру жұмыстарының басында спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, тәжірибелі маман Сәбит Темірханов, жаттықтырушы Алтай Мақсұтұлы, білім беру бөлімінің маманы Талғат Қасаинов жүрді. Мектеп ұжымы да маңызды шараға дайындығын көрсетті. Ауылдағы әрбір шараның алдыңғы шебінен табылатын ардагер Қадыр Сембайұлы бұл жолы да белсенділік танытты.
Жарысқа жиылған құрамалардың сапында Қазақстан чемпионатының жоғарғы лигасында ойнап жүрген кәсіби волейболшылардың болғаны бәсеке деңгейі жоғары болғанын аңғартады. Ауылдық округтердің атынын сынға түскен 10 құрама арасындағы тартысты ойындар әлі барзға дейін биғаштықтар мақтана еске алатын оқиға болды. Өзіндік стилімен ерекшеленіп, тіпті облыста оқушылар арасында алдына қара салмайтын самарлық волейбол мектебі тағы бір мәрте үздік екенін мойындатты. Сақа ойыншы Кәрім бастаған самарлық жас волейболшылар Бармақ Батыр турнирінің жеңімпазы атанды. Қалада ойнап жүрген жұлдызды жерлестерін арнайы алдырып, құрама сапын сапалы жасақтап келсе де бұл жолы Аққала құрамасына жеңімпаз болу бұйырмады. Жарыстың 2 орнын місе тұтқан Аққала құрамасы келесі турнирде тағы бақ сынаймыз деп осы бастан дайындығын білдірді. Ауыл әкімі Мұхтар Жанкебаев өзі тікелей атсалысып жүрген құраманың әлі талай жеңіске жетеріне күмән жоқ. Көкжайық құрамасы 3-орынды олжалады. Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншылары да назардан тыс қалмады. Абылайхан Ислам үздік шабуылшы, Арман Зайнутдинов үздік қорғаушы және Қалибек Қалымбеков үздік байланыстырушы болып танылды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз