Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2-3 мамыр күндері Дзюдо күресінен облыстық «Толағай» атты жарыс болып өтті. Мұнда облыстың әр өңірінен 175-ке жуық спортшы татами бәсекесінде жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтсақ, Ақтөбе, Семей қалалары және Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Жарма мен Көкпекті ауданының спортшылары дзюдодан облыстың үздігі атану үшін жарыс жолына шықты.
Бәсеке барысында 2007, 2008, 2009, 2010 жылы туылған жасөспірім, кіші жасөспірім балалардың арасында салмақ дәрежесінде сынға түсті. 2007-2008 жылы туылған 26-29, 32-35, 38-42 келі салмақ дәрежелерінде белдесті. 2009-2010 жылғы балуандар 23-26,29, 32-35 және 35 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күресті. Бұрымдылар бесекесі қыз балалар 32-36 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Жалпы облыстық жарыс қорытындысы бойынша Көкпекті ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 7 алтын медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, І орынды Е.Сейтаханов, Б.Атапкел, Н.Сейтаханов, Д.Тұрлыбаев, Ә.Дәукенов, Д.Ордаханова, Е. Сәлімова жеңіп алса, ІІ орынды 5 спортшы Р.Құралбеков, Н.Айдарұлы, Д.Смағұлов, М.Болатбекова, Н.Серіков иеленді. Ал, 7 спортшы Т.Мұрат, С.Аханов, Ж.Бақыткамелов, Ш.Төлеуханов, Ұ.Эрталеп және Ж.Миғраж ІІІ орынды місе тұтты.


Облыстық жарыста жалпы командалық медаль саны бойынша Көкпекті ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі І орынды иеленіп, үлкен кубок берілді. ІІ орын Семей қаласы, ІІІ орынды Ақтөбе қаласы ие болды. Бұқаралық спортты дамытуға және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық сайыс 2 күнге созылды. Жеңімпаздар арнайы диплом мен медальдармен марапатталды.
Көкпекті ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және дзюдо күресінен жаттықтырушы Ө.Төлеубеков спорттық шараға демеушілік көмек көрсеткен ата-аналар комитетіне өз алғыстарын білдіреді.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз