Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

19 мамыр күні Көкпекті орта мектебінде Қазақстандағы жастар жылы аясында Nomad MMA аралас жекпе-жегі бойынша ашық облыстық турнирі өтті.
Турнирдің ұйымдастырушысы жаттықтырушы Руслан Нұрланұлы Жүнісов болды. Спорттық іс-шараға 6-17 жас аралығындағы 100-ге жуық бозбалалар мен қыздар қатысты. Жергілікті спортшылардан басқа Теректі, Сарыбел және Ақой ауылдарының спортшылары қатысты.
Төрелік жасаған қазылар алқасы әр споршының қозғалысын мұқият бақылап, қорытынды ұпайларды есептеді. Төрешілердің шешімі бойынша І орын иегерлері қатарына Азат Қожаев, Эльдар Ермеков, Ернұр Қайырлы, Әкежан Төлегенов, Ирак Аманжолов, Әлихан Бекпаев, Мария Кара, Юлия Силантьева, Диляра Садықова, Дарья Кара, Ердан Орымбеков, Расул Қасымов, Аңсар Мұратханұлы кірді. ІІ орынды Карина Силантьева, Еркежан Шабанова, Әділжан Кеңеспек, Адлен Шайзатов, Алдияр Советпеков иеленді. Жеңіс тұғырының ІІІ сатысына Исатай Айыпқазы, Мәди Түсіпбек, Дарын Бердібек, Темірлан Амангелдинов жайғасты.


Сонымен қатар, Теректі ауылының жаттық-тырушысы Әсет Мамаевтің 11 спортшысының, 7 жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орын Қыдырбек Қамалжан, Диас Арғынов, Мерей Манапов, ІІ орын Зуфар Габдрахманов және Ерсұлтан Манапов, ІІІ орын Мирас Манапов пен Мерхат Жалелов місе тұтты.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және мадақтамалармен марапатталды. Руслан Нұрланұлы Көкпекті ауданында Nomad MMA дамыту және қолдау көрсеткені үшін өз тәрбиеленушілерінің ата-аналарына шын жүректен алғыс білдіреді.

Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз