Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көңілді және тапқырлар клубы ойындары аудан жастары арасында танымал. Себебі командалар оларға жайдары көңіл-күй мен көңілді уақыт сыйлайды. Биыл да бұл ойын шетте қалмады.
2019 жылдың маусымы қараша айында басталды. 20 дан аса команда келіп тіркелді. Ойындар жыл көлемінде қараша, желтоқсан, қаңтар ақпан наурыз, сәуір, мамыр айларында өтті. Маусымашар 1/8, 1/4 жартылай финал және финалдық ойындар болды. Жиырма команданың ішінен 4 команда суырылып финалға шықты. Ақтық мәреге өнерін көрсеткен додада озған 4 топ бақ сынасты. Атап айтқанда, Көкпекті орта мектебінің «Серілер», Шұғылбай ауылының «Шұғылбай құрамасы», Көкжота ауылының «Көкжота құрамасы», Тассай ауылының «Пішінә» командалары қатысып, әсерлі ойын, әдемі әзілді көрсетті. Жалпы тақырыптағы ойын көрсетуден құралып, көрермендерге көңілді күлкі кешін сыйлады.

Мәдениет, әдебиет, саясат турасындағы әзіл-сықақ сахна төрінен орын алып, көпшілікті жарқын күлкіге кенелтіп, шаттыққа бөледі. Белсенді ойын, орынды әзіл көрсеткен Көкпекті құрамасының өнер қырандары бас жүлдені иемденді. І орынды «Шұғылбай құрамасы», ІІ орынды Көкжота, ІІІ орынды Тассай командалары қоржынына салды. Ойын қорытындысы бойынша Бейбарыс Тоқсанов «Үздік ойыншы», Дәлел Мұсағазинов «Үздік жетекші» аталымдарын жеңіп алды.
Жеңімпаздар аудандық жастар орталығы және Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен кубог және мадақтамамен марапатталды. Жастар орталығының директоры Азамат Серікұлының айтуынша, алдағы 2020 жылдың маусымы ағымдағы жылдың қараша айында басталады. Маусымның атауы жастар жылына орай Жастар маусымы деп аталатын болады.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз