Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2019 жылғы 30 сәуір мен 8 мамыр аралығында Ұлттық Мектеп лигасы аясында Талдықорған қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» жарысы өтті.
Бұл жарысқа 9 облыстан спортшылар қатысты. Қатысушылар арасында үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленген Көкпекті ауданының командасы да болды. Команда құрамына Октябрь мектеп - балабақша кешенінің 2006-2007 жылы туылған 12 оқушысы кірді.


Тартысты өткен бәсекеде біздің спортшылар алған дағдыларының, жеңіске деген ынтасы мен жігерінің арқасында жарыс жеңімпаздарының қатарына енді. Балаларды дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Аслан Ибраев жаттықтырды. Ол «Көкпекті ауданының №2 БЖСМ» директоры Ержан Нұхаевқа және спортшылардың ата-аналарына іс-сапарды ұйымдастыруға және жарыстарға қатысуға белсенді көмек көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді. Біздің ауданның волейболшыларының атағы облыстан әрі асып кеткенін біз мақтан ете аламыз. Жас волейболшылар мен олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Шолпан  АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз