Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 8-10 мамыр аралығында Қарағанды қаласында таэквонда бойынша "Кубок Победы" ИТФ халықаралық турнирі өткен болатын. Оған лайықты нәтиже көрсеткен 6 жас жерлесіміз қатысты.
Халықаралық жарыста Көкпекті ауданының атынан Бахыт Ғазизұлы Рахимовтың шәкірттері бақтарын сынады. Кілемге Рахат Байсақалов, Бексұлтан Маратов, Ақпейіл Дәулетханқызы, Бекжан Жексенбеков, Динара Ғазизова және Қымбат Қанатпекова шықты. Бексұлтан, Ақпейіл, Бекжан және Динара өздерінің жас категорияларында жеңімпаз атанса, Қымбат іріктеу кезеңінен өтіп, осы жылдың тамыз айында Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алып қайтты.


Жарысқа қатысуға балалардың ата-аналары қаржылай көмек көрсетті. Біз халықаралық деңгейдегі додада жеңімпаз атанған спортшыларымызды құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта жеңістер мен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз