Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының жас-тары Ұлы Отан Соғысының ардагері Сағидолла Ағзамовтың рухына тағзым етті. Жыл сайын Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында ардагер ұрпақтары дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан волейбол турнирі биыл Самар ауылында жалауын көтерді. Ардагердің ұлағатты есімін абыроймен алып жүрген ұрпақтары Мұхамедолла және Ерік Ағзамовтар жарысқа арнайы келіп, қомақты жүлде қорын тағайындады.
Осымен 33 жыл қатарынан үздіксіз өткізіліп отырған турнирге спортшылардың дайындығы да мықты. 5 мамыр күні Самар ауылының 2 бірдей спортзалында 8 құрама күнұзаққа тартысты ойындар өткізді. Көкпекті, Миролюбовка, Үлгілімалшы, Қарағандыкөл, Көкжайық, Аққала ауылдарының құрамаларымен бірге алаң иелері Самар ауылының 2 құрамасы турнир жүлдесін сарапқа салды.


Жыл сайынғы дәстүрлі жарыстың фавориті саналған Самар мен Қарағандыкөл ауылының жігіттері өз топтарында қарсылас шақ келтірмеді. Аққала мен Көкпекті волейболшылары топтағы екінші орынмен финалдық ойындарға жолдама алды. Алаңдағы жастар арасынан мол тәжірибесі және шындалған шеберлігі арқылы ерекшеленіп тұрған спорт ардагері Амантай Байтолықов ұйымдастырушылардың арнайы жүлдесіне ие болды. Дәл осы Амантай аға жаттықтыратын Көкпекті құрамасы ІІІ орынға табан тіреді. Көпшілікті ойынымен тәнті еткен көкпектілік Ерасыл Мұқашев көрермен көзайымы, үздік шабуылшы Д.Мусин, үздік қорғаушы Арман Зайнутдинов және үздік ойын ұйымдастырушы атағына Александр Жуков лайықты деп танылды.
Ақтық сында Самар ауылының құрамасын женген Қарағандыкөл волейболшылары турнир жеңімпаздары атанды. Алаң иелері ІІ орынды місе тұтты. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері мадақтама қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ұлы Отан соғысының ардагері Сағидолла Ағзамов есімі жерлестер жадында мәңгілік жаңғырып тұрары анық.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз