Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан халқының бірлігі күні! Біздің елімізде жылы, жарқын, көңілді, көптен күткен мамыр мерекелерін жақсы көрмейтін бірде – бір адам жоқ. Қазақстан халқының бірлігі күні біздің егеменді елімізде басты мерекелердің бірі болып саналады. 

1 мамыр - Бейбітшілік, еңбек, достық мерекесі. «Бірлік болмай тірлік болмас» дегендей берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.
Қазақстан - біздің ортақ Отанымыз. Біздің Республикамыз көпұлтты қазақтар мен орыстар, украиндар мен белорустар, татарлар мен немістер, кәрістер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар – барлық ұлт өкілдері бірінші мамыр мерекесін тойлайды.
Дәстүр бойынша И. Федосов атындағы Самар мәдениет үйінде осы жарқын мамыр мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мәдениет үйінің көрермен залы кісіге толы болды, барлығы көтеріңкі көңіл-күймен, көркемөнерпаздардың концертін тамашалады.
Жиналғандарға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин құттықтау сөз сөйледі:
- Тәуелсіздік алғаннан бері Бірлік күні жаңа терең мазмұнға толы және ұлт пен діни наным-сенімге қарамастан, халқымыздың берік достығының, ынтымағының символына айналды. Бүгін біз мықты, гүлденген және бай мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан біздің бірлігіміздің мызғымастығына, болашақ ұрпақтарымыздың табысты болашағына сенімдіміз. Бұл мереке күні сіздерге және жақындарыңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, нығая берсін, - деп атап өтті Дәурен Бақытжанұлы.


Құттықтауларға Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаев, ауылдық округтің әйелдер кеңесінің төрайымы Емма Степанова қосылды. Біздің мақсатымыз - этникалық шығу тегіне қарамастан, ұлы ұлт болып топтасу, Егемен және Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін ұрпақтарымызға қалтыру.
Салтанатты шара барысында көркем-өнерпаздар ұжымының және мәдениет үйі әртістерінің мағыналы да мәнді концертінде халықтық, жаңашыл әндер орындалып, әр ұлттың биі биленді. Көрермен «Асыл қазына» фольклорлық клубының, «Атамекен» балалар би топтарының өнерін ерекше қабылдады.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында округ мұражайы мен кітапханаларда Қазақстанда тұратын халықтар мен 1 мамырға арналған көрмелер ұйымдас-тырылды. Бұл мереке Қазақстан халқын ел аумағында тұратын басқа ұлттардың салт-дәстүрімен және мәдениетімен ғана таныстырмайды, әр ұлтты біріктіруге шақырады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз