ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 тамыз күні аудан басшысы Серікқазы Сәдуақасов аудан орталығында орналасқан мекемелер мен ұйымдарды аралап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Әлеуметтік маңызды нысандарда болып, бірқатар тапсырмалар жүктеді, олардың орындалуы жіті бақылауда болатынын ескертті.

Аудан басшысы алғаш ат басын тіреген мекеме Көкпекті ауылдық округінің әкімшілігі болды. Серікқазы Құсайынұлы әр маманмен жеке танысып, жауапты саласы бойынша атқарған жұмыстарын сұрады. Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазиновқа ұжымды жұмылдыра отырып, көше бойындағы арамшөптерді жою, тазалықты қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ауыл ішінде бейберекет жүрген мал иелерімен жұмыс жүргізу қажет.


«Ұлы дала елі» алаңында ұлтымыздың ұлы тұлғасы Абылай хан ескерткішін орнатуға дайындық жұмыстары қаралды. Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазинов пен құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Талант Бақытбекұлына болашақ ескерткіштің орнын ретке келтіріп, жобалық экскиз дайындау жүктелді. Дәл осындай тапсырма Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің аумағын абаттандыру қажеттілігі айтылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 2 пәтерлі 20 үйдің құрылысы баяу. Құрылыс басында мердігер ұйым өкілімен кездескен аудан басшысы мәселенің мәнісін анықтап, шұғыл шара қабылдауды талап етті. Күзгі суық түскенге дейін үйлердің төбесі жабылып, есік-терезесі қойылуы керек. Ал ауылдың «Заречка» аумағында салынып жатқан 2 пәтерлі бес үйдің құрылысы қарқынды. Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында қолға алынған жоба жоспарға сай жүзеге асуда. Аудан әкімі мердігер ұйым мен тапсырыс беруші құрылыс және сәулет бөлімінің жұмыстарына оң бағасын берді. Биыл жыл соңына қарай екі нысандағы тұрғын үйлер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл пәтер кезегінде тұрған адамдар санын азайтпақ.
Серікқазы Құсайынұлы аудан орталығындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Бұл күні жаңа келген аудан басшысының жоғарғы бағасын алып, көңілінен шыққан мекемелер қатарында Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп бар. Ауласы келген жанның көзін қуантып, жылыжайы жайқалып тұрған білім ордасының жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Мектеп директорының міндетін атқарушы Бақыткамал Габдуллинаның ұйымдастыру қабілетін көпке үлгі етуге болады. Жылу беру қазандығы орналасқан ғимараттағы тазалық пен жаңа түскен көмірдің тиянақты жиналып тұруының өзі көп нәрсені аңғартады. Сондай-ақ, жұмысы жақсы бағаланған мекеменің бірі «Көкпекті Толағайы» балабақшасы болды.
Мүмкіндігі мен әлеуеті жағынан аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордасының бірі Көкпекті орта мектебінде жағдай басқа. Мектеп аумағындағы абаттандыру жұмысы жеткіліксіз. Білім беру бөлімінің басшысы мен мектеп директорына кемшіліктерді жойып, жұмысты жолға қою міндеттелді.
Көкпекті халқы көптен күткен дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Заманауи талаптарға сай кешеннің құрылыс барысымен танысқан аудан басшысы спорт бөлімінен тек қана жақсы нәтижелер талап ететінін тағы бір мәрте ескертті. Жалпы жоба сәтті жүзеге асырылуда.
– Әр жобаны жүзеге асырғанда жан-жақты ойластырған абзал. Ертеңгі күні осы ауданның халқына қызмет ететіндей, сапалы болуын бақылауға алуымыз керек, - деді Серікқазы Құсайынұлы.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз