«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

«МУСИАД ҚАЗАҚСТАН» – тәуелсіз тауар өндірушілер және кәсіпкерлер ассоциациясы» ҚҚ су тасқынынан...

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

Мечеть Махмут-бей в деревне Касаба в Кастамону — последнее сооружение на маршруте анатолийских...

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

Кастамонудағы Қасаба ауылындағы Махмут бей мешіті Анадолы ағаш мешіттерінің жолындағы соңғы...

  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10
  • ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    ТҮРІК КӘСІПКЕРЛЕРДЕН АПАТ АЙМАҚТАРЫНА КӨМЕК

    08.04.2024 07:13
  • Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    Кастамону: Деревня Касаба, мечеть Махмут-бея

    04.04.2024 05:04
  • Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

    04.04.2024 05:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев, «Қали-сатарұлы» ШҚ басшысы;
- Елбасы жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Өткен аптада Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың халық алдында биылғы жылғы қорытынды есебінің тезистерімен газет арқылы таныстым. 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын және 2019 жылға арналған міндеттерді саралаған аудан әкімі биыл да жетістіктердің еселенетіндігіне сенім білдірді.
Ең бірінші қуанарлық жағдайымыз – ауданымыздағы күрмеуі шешілмеген түйіткілді мәселелердің барлығына да әкімнің тікелей араласып, шара қолданып, нұсқау беріп, ел жағдайын жақсартуға оң қадам жасап отырғаны халқымыздың ризашылығын, алғысын тудыруда. Асхат Сайдахметұлы ауданымызда атқарылған жұмыстардың ауқымды екенін атап, межеленген жоспарлардың орындалғанын, алдағы жылдарға арналып жасалған даму жоспарының да жоғары деңгейде екеніне жұрт назарын аударды.
Бірінші кезекте, халықтың өтініш-тілектері мен көтерген мәселелерін шешу мақсатында жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, бірқатар мәселелер шешімін тапты. Ал, шешімін табуды қажет ететін мәселелер бойынша қаржылық ұсыныстар атқарушы органдарға ұсынылды. Ең бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан экономикасы тұрақты дамып, аудан бюджетінің кірістер бөлігі көбейді.
Мал шаруашылығында да оң өзгерістер бар. Статистикалық есептерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда малдың барлық түрінде өсім бар. Бұған мемлекеттік «Сыбаға», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстар мал басының көбеюіне септігін тигізді. Мал ауруларының алдын алу бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілді. 2018 жылы ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық тексерулер мен іс-шаралар жүргізілді. Ауданда ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында да жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Ауданда істеліп жатқан жұмыстарды көзімізбен көріп отырмыз. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» дегендей, аудан әкімінің қолдауымен ардагерлерімізді сыйлап, бірқатар кадірлі майдангерлерге «Көкпекті ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Айшекер Кәметайқызы Тоқпаева, ардагер ұстаз:
- «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, кемеліне келген, білімді, білікті Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті ауданына әкім болып келгелі, ауданымыздағы оң өзгерістерді, көріп, аудан халқы көрікті Көкпектінің көркеюіне үлкен ажар кіргенін қуана қабылдауда. Күнделікті өзгерістер әсіресе, ауылды абаттандырудағы атқарылып жатқан жұмыстар көңілге қуаныш ұялатады. Сонымен қатар, аудандағы шежіре қарт-қарияларымызбен ақылдасып шешілген жақсы істерді ауыз толтырып айтарлықтай. Айы-на аудан орталығында екі рет өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, алушыға да, сатушыға да тиімді екеніне халықтың көзі жеткізілді. Елбасымыздың «Қазақстандықтар әл – ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттерді орындауда Көкпекті ауданының қосар үлесі зор мол, сөз соңында айтарым, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының жұмысын жоғары бағалап, деніне саулық, еңбегіне табыс, халықтың мерейін өсіргендігі үшін барлық сәттілікті аналық тілегімді білдіремін. Ел іші – даусыз, ел шеті – жаусыз болсын жерлестер!

Катрен Қапсадықұлы Байжұманов, Тассай ауылы клуб үйінің меңгерушісі:
- Аудандық «Жұлдыз» газетінің бетіндегі аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың тезисін оқи отырып ойымды қорыттым. Жалпы осынау азаматтың басшылыққа келгеніне санаулы ғана уақыт өтседе аудан тынысында біршама оң өзгерістер болып, әлеуметтік прогресстің қарқындағаны байқалады. Келген күннен бастап-ақ тоғыз жолдың торабына орналасқан қалашықтың тазалығы мен сәулетіне ден қойған әкім өзі бас бола халықты соңынан ертіп бірден кентті абаттандыруды қолға алды. Жұрт жұмыла көтерісіп ауылдың ажарын ашты. Еркіндіктің аясында салауатты өмір салтын кешуде тағыда бір қадам өрлей түскендейміз.
Ара-кідік көршілес Ақсуат өңіріне бара қалсақ, қай елді мекенде болсын мекеме ғимараттарының маңдайшасына жазылып ілінген, туған ел, ата жұртқа байланысты өзіңнің Ұлы Даланың баласы екеніңді ұдайы ойыңа салып тұратын Отансүйгіштік рухқа тұнған ұран сөздерді оқып көкірек сергіп сала беретін «Шіркін-ай, біздің Көкпектіде де болса ғой» деп қызығатынбыз. Тезисті оқып көңілге түйгеніміз, жаңа басшы аудан экономикасы мен заманауи өркениетке сай дамудың тиімді жолдарын ұстанып, әрбір саланың өркендеуіне, елдің көркеюіне баса назар аударуда. Орнықты азаматтың ойлы сөздері мен іскерлігі, азаматтық ұстанымы жұрт көңілінен шығуда.
Жүре келе бойын түзеген көшіміз байсалды болсын! Толағай беттен Көкпекті мен мұндалап көз тартып тұр.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз