ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осыдан ширек ғасыр бұрын қарашаның қақ ортасында қазақстандықтардың қалтасына алғашқы теңге түсіп, ұлттық валюта ғұмырының басталуымен егемендігіміздің іргесі беки түсті. 15 қараша күні еліміздің төл валютасы - теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толды. Жиырма бес жылда қарыстап емес, қарыштап дамыған ел экономикасымен бірге төл теңгеміз де түлеп келеді. Осы жылдары бірнеше қаржы дағдарысын басынан өткізген теңгенің қорғаныш қабілеті жетілдіріліп, келбеті өзгертіліп отырды.
Тәуелсіздік пен тұрақтылық кепілі болған төл теңгенің мерекесімен қатар елімізде қаржыгерлер күнін де атап өтеміз. Ұлттық валюта жүйесімен жұмыс істейтін қаржыгерлердің мамандығы жауапкершілік пен біліктілікті талап етеді. Айтулы күні Көкпекті ауылында қаржыгерлер мерекесіне арналған салтанатты шара Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепте ұйымдастырылды. Мереке иелерін құттықтап сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Талғатұлы Майкенов олардың қоғам өмірінде атқарған елеулі істеріне тоқталды.


- Осы уақыт аралығында біздің ұлттық валюта әртүрлі сындардан өтті, бірақ соған қарамастан, біздің экономикалық модель қабілеттілігін көрсетті. Қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін біз ұлттық валютаның қолданысқа енген күнін атап өтудеміз. Аталған күнді еліміздің қаржы саласын нығайтуда белгілі жетістіктер, толағай табыстармен және тәжірибемен қарсы алғанын атап өткім келеді. Қаржы саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – бюджет кірістерінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Мемлекеттік жүйенің маңызды бөлігін дамыту мақсатында аянбай еңбек етіп, алға қойған жоспарларды іске асыруға атсалыстыңыздар. Қаржыгерлердің жоғарғы білімі мен әлеуеті еліміздің қаржы игілігін қамтамасыз етуге келешекте де ықпал етеді деп сенемін. Ауданымыздағы жоғарғы кәсіби сауатты, жауапты қаржы саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбегі өте зор, - деді.
Бұдан соң Жасұлан Талғатұлы көп жылғы еңбегі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін қаржы саласының ардагерлері Зифа Шариязданқызы Ахмерова, Людмила Владимировна Гурова, Раиса Абдрахманқызы Вишнякова және қаржы саласының мақтаулы мамандары аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Айнұр Сағымбаева, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бас есепшісі Айгүл Смағұлова, Шұғылбай ауылдық округінің І.Жансүгіров атындағы орта мектептің есепшісі Альмира Бейсенбаева және Көкпекті ауданы қазынашылық басқармасының басшысы Болат Жадринге аудан әкімінің атынан алғыс хаттар тапсырды.
Салтанатты шара одан әрі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушыларының ұйымдастыруымен өткен спорттық сайысына жалғасты. Сайысқа 4 топ қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті. І орын Көкпекті аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері, ІІ орынды аудандық қазынашылық басқармасы жеңіп алса, ІІІ орынды Көкпекті ауылдық округі командасы, ІV орын аудандағы бөлім есепшілерінің құрама командасы алды. Барлық жеңіске жеткен командаларға сыйлықтар тапсырылды.
Альмира Мақсатқызы Бейсебаева, І.Жансүгіров атындағы орта мектептің есепшісі :
- Біздің кәсіби мерекеміз - қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздердің жұ-мыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге және кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызарына сенімдіміз. Мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасы бақытын, қаржылық қызметте тұрақтылық, ашық аспан мен ел тыныштығын тілейміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз