Сүйінші хабар, ағымдағы жылдың 24-25 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойының жартылай финалында өнер көрсеткен жерлестеріміз «Көкжайық құрамасы» іріктеуден сүрінбей өтті. Жартылай финалға біздің облыстан 5 команда қатысты.  5 команданың алдынан оза шапқан команда енді желтоқсан айында өтетін финалдық бәсекеге дайындық үстінде.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні Көкпекті ауылының белсенді жастары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Мемлекет басшысының Жолдауын көкпектілік жастар да қолдайды. Бәсі басым құжатты насихаттаушы топ аудандағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында бас қосты. Басқосу барысында мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің орындалу жолдары талқыланды.

Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жастарға артылар жүк орасан. Келешек ел тұтқалары диплом емес, білімді болуы үшін оқуы қажет. Сонда ғана мемлекет мерейі, ел ертеңі үшін еңбек ете алады.

Толығырақ...

Тамыз айының 6 жұлдызында Көкпекті ауданына облыс әкімі орынбасарының тапсырмасымен, облыстық ішкі саясат басқармасының және жастар ассамблеялық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-жастар жолы» облыстық жастар керуені келген болатын.

Бастау алған жоба аясында жастар керуені облысымыздың 15 ауданында өз жұмысын жүргізетін болады. Ал бұл үлкен жобаның Көкпекті ауданында бастау алғаны үлкен қуаныш. «Жігерлі жастар ауылға» деген жоба аясында ауылдық жерлерде тиімді еңбек идеологиясы және жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады. Осыған орай, бұл облыстық керуеннің басты міндеттерінің бірі жастарға осы жобаларды толық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл керуеннің қатарында әр түрлі саланың мамандары, мемлекеттік бағдарламаны жүргізіп жатқан мекемелер, бағыт-бағдар бере алатын қызметкерлер бар. Яғни, ішкі саясат басқармасы, жұмыспен қамту бөлімі, спорт және дін істері басқармасынан, білім беру бөлімінен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен, психолог мамандар арнайы келді. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызы, Жас Отан жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы Асхат Бақытжанұлы, теолог Қанат Тұрсынғали, ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларын даярлау орталығының орынбасары Ләззат Тоқтарбекқызы, денсаулық сақтау басқармасынан Г.Ержанқызы, денешынықтыру және спорт басқармасынан Әділ Бағдатұлы және психолог маман Аия Байзалина. Сонымен қатар, бұл шараға ауданымыздан «Атамекен» ұлттық қауіпсіздік палатасынан Зухра Қалиева, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Арай Қалибаева қатысты.

Толығырақ...

Спорттың саулық кепілі екені баршамызға белгілі. Десек те, көпшілігіміз спортпен айналысуды тұрақты түрде дағдыға айналдыра алмай жүргеніміз тағы жасырын емес. Оның түрлі себептері де жетерлік. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе.
Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытпай қоймайды. Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы – қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді. Ғаламтор желісін қолданбайтын жастарды табу қиын. Қазіргі кезде әлеуметтік желілер «В контакте», «Мой Мир», халықаралық «Facebook», «LinkedIn», «Инстаграм» және тағы басқалары күннен күнге құлашын кеңге жайып келеді.

Толығырақ...

7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Жас қыран» әскери-патриоттық ойындары болып өтті. Әскери патриоттық сайыс 5-7 сыныптар арасында өткізілді.
«Жас қыран» әскери-патриоттық ойынның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, аудандық қорғаныс істері бөлімі басшысының м.а. Д.Дужанов, білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова қатысты.
Әскери ойынға Көкпекті ауданы ауылдарынан барлығы 7 команда келді. Ойын барысында АӘД оқытушысы Н.Құнанбаев жарысқа қатысу-шыларды бір сапқа тұрғызды. Патриоттық шара барысында туға түзелу пәрмені беріліп, мемлекеттік Әнұран шырқалды.
Қатысушылар Ж.Шайжүнісов мектебінің алаңында сап түзеп, бөлімше командирлері баянат берді. Жарыстың бірінші кезеңі яғни сап түзеу және ән байқауында қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, бөлімше командирінің әділқазы алқасына баяндамасы, саптық жаттығулар, бір-екі-үш қатарға сапқа тұру, орынындағы бұрылыстар, әнмен жүріп өту, әділқазылар алқасына салтанатты түзеліп өту жаттығуларын көрсетті. Одан кейінгі кезеңде жас қырандар пневматикалық винтовкадан оқ атып сайысты.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз