Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және сани-тариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысының 1-қосымшасы 8-бөліміне сәйкес, Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.
КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинацияның толық курсы бар КВИ-мен ауырып, жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан соң жүргізіледі.


Бұрын КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) пайдалана отырып жүргізіледі.
Лактация кезеңіндегі әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейінгі (42 күннен кейін) кезеңнен бас-тап, бала 2 жасқа толғанға дейін «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) пайдалана отырып жүргізіледі.
«Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, 60 және одан жоғары жастағы адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.
Соңғы уақытта елімізде «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қазір кейбір өңірлерде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған.
Алаңдауға негізгі себептердің бірі – «Омикрон» коронавирусының жаңа штаммының жылдам таралуы және азаматтардың белсенді қозғалысымен байланысты. Сонымен қатар сақтық шараларын елемеуі, маскалық режимді сақтамауы, көпшілік жиналатын орындарға баруы.
Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап, 6 айдан кейін «омикрон» коронавирусының жаңа штамынан қорғауға көмектеседі.
Облыста иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация "QazVac", "Vero Cell" вакциналарымен жүргізілуде.
Өкінішке орай, иммундаудың зияны, екпеден кейінгі асқынулардың көп болуы, вакциналардың қауіптілігі туралы көптеген жалған ақпараттар та-рауда. Бұл – негізсіз ойлар. Вакциналар туралы ғылым бір орында тұрған жоқ. Бүгінгі таңда вакциналарды қажетсіз компоненттерден тазарту жоғары деңгейге жетті, нәтижесінде жағымсыз реакциялар саны айтарлықтай төмендеді.
Вакцинация жұқпалы аурулармен күресудің өте тиімді әдісі және қауіпсіз екендігі туралы сөзсіз ғылыми консенсус бар екенін айту қажет.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырады. Қазіргі вакцинацияның мақсаты – коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз