Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халықтың саулығы - қоғамның байлығы. Сондықтан әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыттың бірі – денсаулық сақтау мәселелері болып табылады. Халыққа көрсетілетін қызметтің 88% медицинамен байланысты.
Денсаулық саласына бөлінген бюджет қар-жысы жыл өткен сайын көбейіп келеді. Алайда, Көкпекті ауданындағы медициналық қызмет сапасы сын көтермейді. Осы тақырып бойынша, дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында, қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орнбасары Ерлан Қабайұлы Қалдыбаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Назарбекұлы Нұғыбаев, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.


Жиынды кеңес төрағасы Слямбек Мұқашев ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді таныстырып өтті. Ең алдымен Көкпекті орталық аудандық аурухана басшысының м.а. Әсем Төлеуғазықызы Рахимбаева сөз алып, денсаулық сақтау мекемесінің жұмысы туралы баяндады.
Әсем Төлеуғазықызы денсаулық сақтау саласының мәселелеріне талдау жасап, кем-шіліктерді анықтау, соған орай іс-шаралар жос-парымен таныстырды. Келешекте халықтың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол ана мен бала, онкологиялық және туберкулез ауруларының Көкпекті ауданы бойынша көрсеткіштері мен емдеу шараларының орындалуы жайлы айтып өтті.
Жиын барысында округ әкімдері тарапынан әлі күнге дейін түйіні шешілмеген сауалдар легі ағылды. Олар: қайтыс болған адамды медициналық сараптамаға апаратын арнайы көліктің жоқтығы, ауылдық округтегі амбулаторияларға жөндеу жұмыстарына қа-ражат мәселелері төңірегінде болды. Аудан әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаев аудандағы емдеу мекемелерінің басшыларына аталған кемшіліктерді жоюдың жоспарларын жасап, атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын және тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыруды тапсырды.
Жиын соңында аталған мәселе алдағы уақыттарда талқыланып, шешу жолдары қарас-тырылатыны сөз болды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз