Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен жексенбіде тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, қысқы спорт түрлерін, оның ішінде ауылдық округтерде шаңғы спортын дамыту мақсатында шаңғы тебуден жарыс өткізілді. Қысқы Универсиада-2017-нің құрметіне ұйымдастырылған бұл шараға ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметкерлерден құрылған командалар, аудандық төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдерінен қызметкерлер қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай, 18-60 жастан асқан азаматтардан ерлер мен әйелдерге бөлінді. Әр қатысушының жеке нөмірі мен өз шаңғысы болғандықтан, жеңімпазды анықтау қиын емес еді.
Шаңғы тебу жарысында команданың намысы үшін бар өнерін салған спортшылар арасынан көз ілеспес жылдамдығымен, жүйріктігімен озып шыққан Көкпекті ауылдық округі командасы І-орын, Теректі ауылы ІІ-орын, ал Қ.Аухадиев атындағы округ командасы ІІІ-орынды қанжығалады.


Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жарыс жеңімпаздары мен қатысушылар жеке мақтау грамоталарына ие болса, онымен қоса жүлдегерлерге Астанада өтетін ЭXPO көрмесіне Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен арнайы тағайындалған тегін билеттер сыйға тартылды. Айта кетсек, көкпектіліктер – 4, теректіліктер – 3, преображенкалықтар – 2 билетке ие болды Шаңғышыларымызға сәттілік тілейміз!
Аудандағы қысқы спорт түрлерін дамытудың әлі де кемшін тұстары да, оған кедергі болатын себеп-салдарлардың да бар екені баршамызға белгілі. Алайда, «көш жүре түзеледі» деген нақыл сөзге иек артамыз. Қысы ұзақ болатын біздің аймақта қысқы спортты алға жылжыту - өскелең ұрпақтың денсаулығы мықты болып қалыптасуына қомақты үлес қосары анық.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз