Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылдық округі жастарының ұйымдастыруымен «Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз» атты «дөңгелек үстел» өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған шаралар аясында және 1 желтоқсан ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында өткізілді. Жиынға Ауданарлық аурухананың ЗОЖ кабинеті, ӘБҮБ, мектептердің медицина қызметкерлері, орта мектептің, колледждің мұғалімдері және жастар қатысты. Модератор Ерназар Сауых жүргізген жиында ең алдымен ӘБҮБ дәрігері А.Стукачева сөз алып, ЖИТС (ВИЧ) – тің таралуы, одан сақтану туралы слайдты баяндама жасады. ЖИТС туралы СӨС дәрігері К.Көшербаева да бірқатар мәліметтер келтіріп, жастарға танымдық әңгіме айтты.


Бүгінгі күні алдын алу жұмыстары жүргізілумен қатар, ота жасалатын адамдар, жүкті әйелдер, қан тапсырушылар міндетті түрде тексеріледі. ЖИТС – АИТВ (СПИД)-дің алғашқы баспалдағы. Оны жұқтыру жыныстық жолмен таралады. Сонымен бірге, нашақорлар және кейбір жағдайларда қан құю кезінде жұғады. Татуировка жасату, пирсинг, маникюр, педикюр жасатқанда таза құралдарды пайдаланбау да қауіпті індетті жұқтыруға әкеліп соқтырады. Сондықтан да жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру аса қажет. Оны мектеп табалдырығынан бастау аса маңызды. Мектеп пен ата-аналар, медициналық мекемелер бірлесе жұмыс істесе, нәтиже болады.
Дәрігерлердің келтірген мәліметі бойынша біздің облыс республика көлемінде төртінші орында. Ал аудан бойынша ЖИТС-тен 8 жағдай орын алған. Бұл жәйт ойландырса керек.
Әрі қарай темекі шегудің зияндылығы туралы фильм көрсетіліп, жастардың темекінің зияндығы туралы пікірлері тыңдалды.
Ел болашағы жастар, ендеше ұлттың бола-шағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардан құралуы керек деген ортақ пікірмен тарқасты жиынға қатысушылар.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз