Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұрғындардың денсаулығының деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инустриалдық даму қарқынын айқындайтын басты фактордың бірі болып саналады. Халықтың әл-ауқатының жақсарып, ел экономикасының тұрақтануына адамдардың денсаулығы зор ықпал ететінін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан да елімізде медицина саласына жыл сайын айрықша мән беріліп, медициналық қызмет көрсету сапасының артуына әсер етуші түрлі озық инновациялар мен реформалар енгізілуде. Адам ағзасына елулі ықпал ететін, оның әлеуметтік жағдайына қарай дамуына әсері бар ауру түрлерінің бірі – туберкулез. Туберкулез негізінен әлеуметтік науқас түрі деп тегін айтылмаған. Енді аудан тұрғындарының туберкулезбен науқастану ахуалы мен оның алдын-алу және анықтау, емдеудің жағдайына тоқталайық. Бұл жайында Тұтынушылардың құқын қорғау бойынша Көкпекті аудандық басқармасының басшысы Гүлмира Қабышқызы Абдырасылова әңгімелейді:


- 2016 жылдың 9 айында аудан бойынша туберкулезді анықтаудың 14 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 12 оқиға тыныс алу жолдарын қоса зақымдау сатысына жатады. Көрсеткіш 100 тұрғынға шаққанда 22,7 деп саналады. Өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш тиісінше 12,11 және 100 адамға шаққанда 38,1 болған.
Туберкулездің белсенді түрімен 3 адам ауырса, 2016 жылы бұл сан 9-ға жетіп отыр. Науқастар бактероскопиялық және флюорографиялық әдіс-термен анықталған. Егер жас ерекшелігіне қарай жіктесек, 2015 жылы еңбекке жарамды тұрғындар есебінен ауырғандардың үлесі 50 пайыз, ал 2016 жылы – 85,7 пайызды құрайды. Әлеуметтік сатысына қарай: медициналық қызметкерлер – 1, мектеп қызметкері -1, сауда саласында -1, зейнеткерлер – 1, жұмыс істемейтіндер сапынан – 7 адам және басқа санаттағылары - 2 адам. Туберкулездің асқынған түрі мен қайталап ауыру ошақтары анықталмады. 2015 жылы туберкулездің белсенді түрімен 23 адам (22-ересек, 1 – бала), 2016 жылы 20 адам (барлығы ересектер) есепте тұрды. Екі жылда да туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші бір-бірден.
2015 жылы Көкпекті (2), Үлкенбөкен (2), Көкжайык, Үлгілімалшы, Преображенкада бірден, ал Самарда 5, Қойтас, Көкжыра ауылдарында да бірден ауырған адамдар тіркелген. 2016 жылы бұл көрсеткіш былайша өрнектеледі. Көкпекті -5, Тассай, Жансары, Преображенкада – 1-ден, Самар-4, Бастаушы -1,
Белое -2. Ауданның Самар және Көкпекті ауылдары аурудың көп анықталған жері болып саналады.
Туберкулез адамнан-адамға ғана емес, малдан да жұғады. Сол себепті туберкулез анықталған жерлерде мал бастары да туберкулезге тексерілген. Бірақ екі жылда да малдардан туберкулез анықталмады.
Тұрғындар арасында туберкулезді анықтаудың кең тараған түрі – флюрографиялық тексеру болып табылады. 2015 жылы белгіленген жоспар 97 пайызға орындалды, оның ішінде жасөспірімдерді, босанған әйелдерді, диспансерде есепте тұратындарды, жолаушы тасымалдайтын көліктің барлық түрінің жүргізушілерін, ауылдарға қоныс аударушыларды, дәріхана қызметкерлерін тексеру нашар қамтылған. 2016 жылы жоспар 108,7 пайызға орындалған.
Туберкулездің алдын алу жолдарының бірі үгіт-насихат жұмыстары болып табылады. Бұл орайда емдеу мекемелері, жергілікті атқарушы органдар, білім ошақтары, басқа да жұмыс беруші орындар бірлесе жұмыс жүргізуі тиіс. Осы орайда медицина саласында медкеңестер мен соңында аттестацияланған медцина саласы қызметкерлерімен семинар сабақтар өткізілді. Өкінішке орай медқызметкерлердің 40-60%-ы аттестацияны қайталап тапсыруға мәжбүр болды. Ай сайын міндетті флюрографиялық тексеруден өтуге тиіс ортаның толық қамтылуы бойынша қорытынды шығарылып, талқылау жүргізіледі. Мұндай талқылаулар екі рет болды. Оның бірі Самар ауылында, екіншісі Көкпектіде өтті. Бұл ауылдарда бір мектеп қызметкері және сауда саласының еңбеккері ауырған. Нәтижесінде 3 лауазымды тұлға айыппұл төлеуге, үш жауапты тұлға ескерту, сөгіс ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл бойы емдеу мекемелері тұрғындар, оқушылар арасында үгіт-насихат парақшаларын таратып, лекторийлар өткізеді, семинар-тренигтар ұйымдастырады. Сәби туған кезден бастап, жас ерекшелігіне қарай туберкулезге қарсы екпелер егіледі. Тұрғындардың флюорографиялық тексеруден өтуін қадағалау, науқас адамдарды сауықтыру орындарында (санаторияларда) емдеуге жолдама беру мәселелері әлі де толық шешімін таба алмай келеді. Бұл жерде атқарушы билік пен медицина саласының арасында өзара байланыс жоқтың қасы деп атап өтуге болады.
Әр адамның денсаулығы өз қолында. Сондықтан да ең алдымен азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігн арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жете көңіл бөлу керек. Ұлт саулығы – ел саулығы.


Жазып алған:Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз