Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 қыркүйек – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша құтырма індетіне қарсы күрес күні болып бекітілген. Бұл дата індеттің таралу мәселесі мен оның салдарына көпшіліктің назарын аудару мақсатын тұтады. Осыған орай Көкпекті аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Құтыру. Алдын алу. Егу. Жою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Тұрғындар мен жануарлардың өміріне аса қауіпті, емі жоқ жұқпалы дерттің алдын алу шарасына аудан дәрігерлері, ауылдық әкімдік өкілі, мал дәрігері маманы, учаскелік полиция қатысты.


Салауатты өмір салты орталығының дәрігері О.Дериглазова қоғамды алаңдатып отырған мәселе төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салып, күн тәртібіне сәйкес алғашқы сөз кезегін ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО ТҚҚ департаменті Көкпекті басқармасының басшысы Г.Абдрасуловаға берді. – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, құтырма дерті жұқпалы аурулардың алғашқы бестігіне кіреді және адамдар мен жануарлар өміріне қауіп төндіріп, аса үлкен әлеуметтік-экономикалық зиян шектіруде. Адамның жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталатын жұқпалы ауру ертеден белгілі болса да, өкінішке орай, әлі күнге дейін дүние елдерімен қоса еліміздің денсаулық сақтау және ветеринарлық қызметтеріне өзекті мәселе туғызып отыр, - дей келе, ол дүние жүзінде 15 млн. адам жануарлардан зардап шексе, 55 мыңы құтырмадан қайтыс болатыны, Көкпекті ауданы бойынша 1 елдімекенде, ал облыста 4 ірі қара мен 1 түлкіден құтыру ауруы анықталғанын жеткізді. Есеп беру кезеңі ішінде 2355 адам емделу мекемелеріне жүгінген. Олардың бәріне емдеу және егу шаралары жүргізілді. Көпшілігінде бұл жағдайлардың орын алуына қаңғыбас иттерге талану себепкер болып отыр. Сондықтан, әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде өршитін аурудың алдын алу үшін тұрғындарды құлағдар етуді, қаңғыбас үй жануарларын жоятын бригада болуы қажеттігін тілге тиек етті
Келесі кезекте сөз алған Бас дәрігердің орынбасары Ә.Рахымбаева аудан көлемінде 2015-2016 жылдар бойынша салыстырмалы сандарды алға тартты. Мәселен, өткен жылы тіркелген 18 жағдайда, 17 адамды үй жануары, 1 – жабайы қасқыр жарақаттаған. Ал, ағымдағы жылдың сегіз айында тіркелген 26 жағдайдың барлығы (оның арасында көбі балалар) үй жануарларынан зардап шеккен. Олардың бәріне ем-дом шаралары дер кезінде көрсетіліпті. Дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу барысында жұқпалы аурулар дәрігері Ғ.Ахмерова слайд арқылы кеселдің белгілерін түсіндіріп өтті: - Науқастың басы ауырып, жүйке жүйесінің қозуы, сезімталдық (дыбысқа, жарыққа шуылға), ауық-ауық талып, аяқ-қолдың құрысуы, көзге елестеу, сандырақтау, дене қызуының 40 градусқа көтерілуі байқалады. Құтырған жануардың сілекейі арқылы жұққан аурудың инкубациялық кезеңі 1-2 ай немесе 7 күннен 1 жылға дейін созылады. Егер жарақаттанған науқасқа дер кезінде алдын алу егу шарасын жасаса өлім қаупін болдырмау мүмкіндігі туады. Айта кету керек, қапқан итті немесе басқа үй жануарын зерттеуден өткізіп, сау немесе ауру екенін анықтағанша, 10 күннің ішінде өлтірмеу керек, - деген кеңестерін ортаға салды. Дәрігерлер А.Жакупов, М.Габдуллин, ауылдық әкімдік өкілі М.Орсаева, мал дәрігері Б.Сарманов, учаскелік полиция майоры А.Акаев туындаған мәселеге қатысты ұсыныстары мен шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, ауыл ішінде күндіз-түні жайылып жүретін иесіз малдар туралы, олардың қоқыстарды аралап, түрлі ауруларға душар болуы мүмкін екендігі жайында да ой қозғалды. Осындай келеңсіздіктердің ауыл тұрғындарынан бастап, округ әкімшілігі, денсаулық сақтау, мал дәрігерлігі, учаскелік полиция секілді қоғамдық орындардың ауызбіршілігінің әлсіздігінен туып отырғанын айтысты. Осылайша, жоғарыда аталған ұйымдар халықтың игілігі үшін күш біріктірсе, жұқпалы кесел туралы тұрғындардың сауаттылығын арттырса, құтырма дертінің бетін қайтаруға болады деген шешімге келісті.
«Итің ұры» десе намыстанатын қазақпыз. Алайда, үйін қорып, есігін торыған төрт аяқтыға арнайы егу жасатуға иелері неге құлықсыз? Біреуді ит қапса, қожайыны жауап береді. Ал, қаңғыбас төрт аяқтылар қайдан шығып жатқаны белгісіз. Жақында ит ату үшін жарияланған тендерді ұтқан бригада жою жұмыстарын бастайды. Сондықтан, абай болыңыз және итіңізді тегін егуден өткізіңіз!
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз