Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Еңбек - адамның көркі, адам - заманының көркі» дегендей бар өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі болып жүрген дәрігерлер өте көп. Солардың бірі –  аудандық аурухананың босану бөлімінің  педиатр нео-натологы  Гүлмира Қанатқызы Құлмағамбетова.

Үлкен мен кішінің жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, шексіз алғыс сезіміне бөленіп жүрген Гүлмира Қанатқызымен төл мерекелері қарсаңында кездесіп, әңгімелесудің сәті түсті. Халықтың алғысын арқалаған ақ халатты  Гүлмира 1975 жылы Абай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Орта мектепті «Алтын медальға» бітірген жас қыз 1998 жылы Семей Медицина академиясында білімін шыңдай жүріп жоғары білімді педиатр-неонатолог мамандығын алып шықты.

 

1998 жылы Көкпекті ауылында емханаға педиатр-неонатолог  болып қабылданып, осы бүгінге дейін табан тіреп он сегіз жыл халықтың алғысына бөленіп келеді. Міне, осындай  абзал жанның ана екендігін де естен шығармауға тиіспіз. Жолдасы Әлібек ағамен бірге 19 жыл отасып, 2 бала тәрбиелеп отырған ұлағатты отбасы.

Өзінің еңбек еткен ұжымы, еңбек жолдары жайында Гүлмира Қанатқызы: «Мен еңбек ететін аурухананың босану бөліміндегі ұжымда 10 адам еңбек етеді, олар 4 акушер, 4 санитарка, 1 акушер гениколог және мен. Біздің жұмысымыз өте үлкен жауапкершіліктерді талап ететінін білесіз. Осы еңбек жолымды көз алдыма тізбектей елестететін болсам, ең бір есте қаларлықтай және өз тәжірибемдегі бір жеңісім әрі еңбегімнің жемісі, ол 2012 жылы дүниеге келген салмағы 900 гр болып туған нәресте Аянаны бағып, ем жасап салмағын 2 келіге жеткіздік, ол 5 жасқа толып өмір сүріп келеді. Қазір ауруханада барлығы заманауи техникаларымен жабдықталып, науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, осы сәтті пайдаланып, барлық әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын. Отбасыларына денсаулық, еңбектерінің жемісін көрсін демекпін», - деп сөзін аяқтады.

 «Алладан кейінгі құтқарушы ақ халатты періште» деуге боларлық дәрігер қандай мақтау сөзге де, алғыс сезімге де лайық емес пе?!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз