Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біз медицина қызметкерлері күнінің қарсаңында Көкпекті аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Махат Амангелдіұлымен кездесіп, аталған бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

– Махат Амангелдіұлы, сіз басшылық ететін хирургия бөлімінің бүгінгі жағдайы, бағыт-бағдары жайында айтып берсеңіз. 

– Тиісті құрал-жабдықтар алып, жаңа инновациялық технологияларды енгізуге күш салудамыз. Онсыз көрсеткішті жақсарту мүмкін емес. Алдымызға қойған жұмыс жоспары бойынша әркет етеміз. Жаңа инновациялық технологияның дамығаны соншалық, ота жасамай емдеудің бірнеше жолдары бар. Қазір аурухана туралы халықтың көзқарасы жақсарып келеді. Өйткені біз халыққа көрсетілетін көмектің сапасына аса көңіл бөлудеміз.

Сондай-ақ, бізің бөлімде Әмір Райымжанов, Жанат Тарпанбаева, Анар Баймұратова, Алтынай Нұрғалиева сынды білікті мамандар мен мейірбикелердің адам жанын арашалаудағы еңбектері зор.

– Өзіңіз айтқан жаңа технологияны жетік меңгерген білікті мамандар жеткілікті ме?

– Сапалы қызмет көрсету үшін білім керек. Егер білікті маман болмаса, құрал-жабдықпен ештеңе істей алмайсың. Бүгінде заманға сай құралдардың да тілі бөлек. Онымен жұмыс істеу үшін білім ауа-дай қажет. Ортамызда сондай білімді мамандар бар. Күрделі ота жасайтын кездеріміз жиі болады. Ондай жағдайда облыстан хирург дәрігерді арнайы шақыртып, сол мамандармен бірлесіп жасаймын. Себебі, ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқас жолды көтермеуі де мүмкін. Сондықтан білікті мамандар өздері келіп ота жасағаны адам өмірі үшін маңызды.

– Бүгінгі күні сіздің бөлімге түскен науқастардың арасында жиі кездесетін жағдайды айтып берсеңіз.

– Ауыр жарақатпен ең жиі кездесетіні жол апатынан жарақат алғандар. Бүгінгі күнде көлік көп. Жүргізушілер жол ережелерін сақтамайды. Ал, белдіктерді МАИ қызметкерлері үшін ғана тағу үрдіске айналған. Осының барлығы адам өміріне қауіпті екенін түсінбейді. Сонымен бірге, жүрек, қан тамырлары ауруы жастарға ауыз сала бастады. Қазір 15-20 жастағы қыз-жігіттер де инфаркт-пен түсіп жататын жағдайлар болады. Дәріні тек ауырғанда ғана емес, үнемі ішу керек. Оның еш зияны жоқ. Ал, біз керісінше істейміз. Содан соң қан қысымы 130-150-ге көтеріледі. Қан тамырлары қашанғы шыдасын? Күндердің бір күнінде тамыр жарылып, миға қан құйылады. Дәріні ішіп жүрсе, көп нәрсенің алдын алуға болады.

- Медицина саласына көңіліңіз толмайтын кездер бола ма?

- Бүгінгі күні дәрігерлердің көбінің қағаз толтырудан қолдары босамайды. Қазір қағаз билейтін заман ғой. Қағаз толтыруды бірінші ойлайсың. Талап солай, көнбеске амалың жоқ. Ал, тағы бір мәселе бүгінгі күні ауруханада жатып емделудің санын азайтып жатыр. Кейде емделушінің науқасы ауыр екенін көре тұра үйлеріне жіберуге мәжбүр боласың. Науқаспен бірге өзіңде қынжыласың. Бірақ, талапқа бағыну міндетіміз. Қандай медицинасы дамыған мемлекет болсын, кемшіліктер кездеседі. Өйткені, бұл халыққа қызмет көрсететін сала. Сіз қазір қайда барсаңыз да, кілтипан табасыз. Шаштаразға, мейрамханаға барсаңыз, әйтеуір ұнамайтын жағын көзіңіз шалады. Ал біз адамның денсаулығына жауаптымыз. Халық көп жағдайды дұрыс түсінбейді. Ауруы асқынса да, қайтыс болса да, дәрігерден көреді. Дәрігер - Жаратушы емес. Оның да мүмкіндігі шектеулі. Бірақ, дәрігерге мүлт кетуге болмайды.

- Жаңа туған нәрестеден бастап еңкейген қарттың түнде тыныш ұйықтауына да алаңдайтын нәзік жүрек пен аялы алақан иелері, Сіздерді келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сұхбатыңызға рахмет! 

Сұхбаттасқан Жанерке АБЫЛХАН

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз