Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның сенбі күні аудан орталығында жаппай көкпар ойыны өткізілді. Жергілікті атсүйер ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен өткен ұлттық ойын аудан ауылдары арасындағы эстафеталық көкпар ойындарының жалғасы болды. Атшабар алаңында қардан тазаланған арнайы орында өткен тартысты ойынға 6 ауылдан 40-қа жуық шабандоз қатысты.

Ұлттық ат спортының төресі саналатын көкпар ойынын өткізу эстафетасын Көкжайық көкпаршыларынан қабыл алған жергілікті атбегілер бұл сайысты өз күшімен ұйымдастырған. Шара ауданға танымал атбегілер Бауыржан Түсіпжанов және Оралбек Бекішев сынды ел ағаларының қолдауымен, Жасұлан Дананов сынды елжанды азаматтың ұйымдастыруымен өткізілді.


Аталған додаға Көкпекті, Егінбұлақ, Көкжайық, Ақой, Үлкенбөкен, Шұғылбай, Ажа және Шәріптоғай ауылының көкпаршылары қатысып, өзара бақ сынас-ты. Туған ауылының абыройын түсірмес үшін нағыз айқасқа толы жарыс болатыны жігіттердің жігерлі жанарынан-ақ көрініп тұрды. Көкпар десе ішкен асын жерге қоятын қазақ жігіттері ат жалын тарта мініп, салым салуға асықты. Өзара сайыста білекті жігіттер жерде жатқан серкені тақымға басып, салымды болуға барлық күштерін жұмсады. Ұлттық ойын барысында ат дүбірі толастамай, қызу қанды жігіттер лайықты ойын көрсете білді.
Бұл күні Ақой ауылынан келген көкпаршылар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, 4 бірдей салымға қол жеткізді. Данияр палуан бастаған Ажа ауылының жігіттері де 4 мәрте салымды болды. Шәріптоғай, Көкпекті және Үлкенбөкен жігіттері де 1 салымнан қанжығаға байланды.
Ұлттық спортты дәріптеуге арналған шара осылайша өз деңгейінде өтті. Ендігі кезекте жоғары дәрежеде қабылданып алынған көкпар жарысының эстафетасын Көкпекті көкпаршылары Шұғылбай ауылына жолдады. Дүбірлі дода аяқталғаннан кейін алыс-жақыннан жиналған көкпаршы жігіттерге ауыл азаматтары ақ дас-тархан жайды.

Дархан БЕРДІБЕК 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз