Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Апта сайын аудандық әкімдіктің мәжіліс залында болатын аппараттық кеңес аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен Тассай ауылында көшпелі отырыс форматында өткізілді. Дәл осындай көшпелі кеңестер алдағы уақытта ауданның барлық ауылдық округтерінде ұйымдастырылады. 16 қыркүйек күні өткен көшпелі кеңес жұмысына ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелер және ұйым өкілдері, "Аманат" партиясы аудандық филиалы және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Ауылдарда ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды қысқы жылыту маусымына дайындау, қатты отынмен қамтамасыз ету және жылыту қазандықтарының жағдайын бақылауда ұстау мәселесі тілге тиек етілді. Апта сайын өткізілетін сенбілік жұмыстары, аудандық маңызы бар және ауыл ішіндегі жолдардың жиектерін шөптен тазалау, жолдарды грейдерлеу сұрақтары да назардан тыс қалмады.


Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы мазмұнды баяндама жасады. Дәурен Бақытжанұлының мәліметі бойынша биылғы жылы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында алынған жеңілдетілген несие көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Ділдәбек Тәжібайұлы алдағы уақытта аргоқұрылым басшыларымен жұмысты жандандырып, халық арасында түсіндіру шараларын жалғастыруды тапсырды.
Жылыту маусымына дайындық барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов ақпарат берді. Баяндамашының ақпаратына сүйене отырып, аудан басшысы бірінші кезекте шалғай ауылдардың қажетті отынмен қамтамасыз етілуіне баса назар аудару қажеттілігін ерекше атап өтті.
Сенбілік жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов баяндады. Жаслан Талғатұлына жұмысты жалғастырып, заманауи қатты қалдықтар полигонын ашудың сметалық-жобалау құжаттарын әзірлеу міндеттелді. Аудан орталығы Көкпекті ауылындағы қатты қалдықтар полигоны аумағы туралы тұрғындар пікірін ескеру керектігі де айтылды.
Кеңес соңында аудандық Спартакиада ойындарының қорытынды нәтижесі жарияланды. Аудан басшысы Спартакиа-даны ұйымдастыру деңгейі өте төмен болғанын айтып, спорт бөлімінің жұмысын қатаң сынға алды. Жеңімпаз және жүлдегер ауылдық округ құрамаларына Кубоктар табысталды.
Көшпелі кеңес соңында Ділдәбек Тәжібайұлы бірқатар маңызды сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз