Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қыс - қыр астында. Енді бір ай жаз өтіп, қыркүйек түсіп, күздің келерін ескерсек, бүгінде аудан тұрғындарының қысқа дайындығын қарқынды жүргізетін жөні бар. Бұл орайда жылыту маусымына дейінгі ұйымдастыру жұмыстарының да уақтылы әрі сапалы атқарылуы маңызды. Ал қысқа қажетті қатты отын – көмір тасымалы қалай жүзеге асырылуда? Көмірдің бағасы қаншадан болмақ?


Осы және өзге де мәселелер бойынша біз құзыретті бөлім маманынан жан-жақты ақпарат алдық. Аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Сержан Базарбаевтың мәліметінше ауданда орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Халық жылумен жабдықтаудың жеке көздерін (пештерін) пайдаланады. Жылыту маусымына қажетті қатты отын қажеттілігі тұрғындар үшін 18 244 тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта Көкпекті ауданында ЖК «Виничук» сыйымдылығы 700 тонна 1 отын базасына ие. Ол Көкпекті ауылында орналасқан және халыққа көмір жеткізуге, сатуға маманданған. «Виничук» ЖК өзінің көлігімен «Қаражыра» көмір разрезінен көмірді отын базасына жеткізеді. Сонымен қатар халыққа жылына 9 600 тонна қатты отын сатады. Отын базасында көмір тиеуге және жинауға арналған таразы мен трактор-тиегіш бар. Көмірді үйге жеткізу тіркеме арбалы МТЗ - 80 (Кун) тракторымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні отын базасында өткен жылыту маусымынан қалған 60 тонна көмір бар.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары үшін көмірді жеткізуді және сатуды «Қаражыра» көмір кенішінен 27 басқа жеткізушілер (Ш/Қ ЖШС, ЖК және жеке тұлғалар) өз көлігімен жүзеге асырады. Қазіргі уақытта тұрғындар үшін 7660 тонна (42%) көмір жеткізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «Қалбатау – Көкпекті» автокөлік жолының учаскесін реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты халық үшін көмірдің бағасы 22 000 – 23 000 теңге болып тұр.
«Виничук» ЖК қызметкері Ольга Виничуктың мәлімдеуінше Көкпекті ауылындағы көмір қоймасы арқылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Бос уақыт орталығы» КММ және Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы ауруханасы қатты отынмен қамтамасыз етіледі. 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына қатты отынға қажеттілік «Бос уақыт орталығы» - 21 300 теңгеден 500 тонна, Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы аурухана – 27 440 теңгеден 1716 тоннаны құрайды. «Виничук» ЖК қатты отынды «Қаражыра» кен орынынан тасымалдайды. Бүгінгі күні көмір тасымалдау басталды. Көмір тасымалдайтын 7 КАМАЗ жүк көлігі бар. Көмірді жеткізетін техниканың шығындары, жанар-жағар май құнының шарықтауы қатты отын бағасының көтерілуіне өз әсерін тигізбек. Осыларды есептегенде қатты отынның 1 тоннасы шамамен 23-24 мың теңге көлемінде болмақ.
- Бүгінде аудан тұрғындарын көмірмен толығымен қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар жасалуда, – дейді жеке кәсіпкер.
Қыстан қысылмай шығудың қамына осы бастан кіріскен абзал.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз