Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кемербаева Раушан Алпысбекқызы, Көкпекті аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаттық фракцияның жетекшісі:

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Референдум Ата заңымыздағы реформаларға байланыс-ты өткізілмек. «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатын саяси жүйенің мынадай формуласын айқындап берді: «мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».

Конституцияға Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі өзгерістер енгізу мен жаңа бастамаларды іске асыру еліміздің қарқынды дамуына оң ықпал етеді. Бұл ретте халықтың осы процеске белсенді қатысуға тамаша мүмкіндігі бар.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз