Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

14 қыркүйек күні аудан әкімі Раджан Сейтқанов жұмыс сапарымен Самар ауылына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Аудан басшысы әрбір нысандағы құрылыс барысын бағамдап, алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Жобалардың уақытында әрі сапалы атқарылуына жауапты орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларына тапсырма беріп, міндеттерін айқындады.
Аудандағы халық ең көп шоғырланған елді мекен Самар ауылында ағымдағы жылы бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Халық алдындағы есептік кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұрынғы аудан орталықтарын дамыту мәселесіне ерекше назар аударатын уақыт келгенін ерекше атап өткен еді.

 

- Барлық бұрынғы аудан орталықтары сапалы ауызсумен жабдықталады. Тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, бұқаралық спорт және мәдениет саласын дамыту да көзделген. Әрбір жоба менің жеке бақылауымда болады, - деп атап өткен еді аймақ басшысы.
Аймақ басшысы айтқан жоспарлардың іс жүзінде орындалуын бүгінгі Самар ауылынан анық көруге болады. Самарлықтар ауылда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды күнделікті көзімен көріп жүр. Аудан әкімі Раджан Сейтқанов құрылыс жүріп жатқан әрбір нысанды бірнеше қайтара аралап, сапалы орындалуын үнемі бақылауында ұстап келеді.
Лайлы су қоймасындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер ұйым өкілі жұмыстар 2 аптаның көлемінде толық аяқталатынын айтты. Алайда, аудан әкімі маңызды нысанның жөндеу жұмыстары ең бастысы сапалы және барлық талаптарға сай атқарылуы керектігіне назар аудартты. Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаевқа су қоймасындағы жөндеу жұмыстарын үнемі бақылауда ұстау міндеттелді.
Биыл төртінші жыл жүргізіліп жатқан Самар ауылының су құбыры желілерін және су тарту құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары туралы мердігер ұйым атынан учаске басшысы Ришад Асанов баяндап берді. 2017 жылы басталған жұмыстарды 2022 жылы толығымен аяқтау жоспарланған. Самар ауылының ішіндегі магистральдық желілер ұзындығы - 51 126 метр. Қазіргі уақытта 48 шақырым магистраль желілері салынған. Аудан әкімі Раджан Сейтқанов мердігер ұйым өкілі мен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановқа қалған магистральдық желілерді ағымдағы жылы аяқтауды міндеттеді.
- Аталған жұмыстарды аяқтау сатысына келдік. Кейбір көшелер мен қиылыстарда байланыс және интернет желісі өткізілген жерлер және қатты тау-тасты аумақтар қалып отыр. Байланыс желілері өткізілген аумақтардың арнайы картасы болмағандықтан бұл бізге көп қиындықтар туғызуда. Тау-тасты көшелерде магистральдық желі қазу үшін көп күш жұмсалуда. Десек те, қыс түскенше магистарльдық желі салуды толық бітіріп тастауға мүмкіндігіміз жеткілікті. «Микрорайон» аумағы мен Әубәкіров көшесінде қазір техника жұмыс істеуде. Жоба бойынша 1106 құдық қарастырылған, бүгінгі күні 986 құдық орнатылып, ішіндегі құрылғы жиналды. Алдағы уақытта тұрғын үйлерге су тарту басталады, - дейді учаске басшысы.
Мердігер ұйым өкілінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына барлығы 13 техника жұмылдырылған. Оның ішінде 4 эксковатор, 2 манипулятор және басқа да арнайы техника бірлігі бар. Құрылыс жұмыстарына қажетті материал мен адам күші жеткілікті.
- Ең бастысы биылғы жылы магистральдық желілерді толық аяқтауды міндеттеймін. Қазіргі уақытта жұмыс қарқынды екені байқалады. Осы қарқынмен жалғасатын болса барлық жұмыстар бекітілген жоспармен атқарылады. Күзгі жауын-шашын мен қара суық басталмай тұрып, ауа-райының қолайлы уақытын пайдаланып қызу жұмыс жүргізу керек. Техниканы тоқтатып, жұмыссыз бос қою деген болмасын, - деді аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы.
Самарда салынып жатқан тағы бір маңызды әлеуметтік нысан бассейн құрылысына ат басын бұрған аудан әкімі Раджан Сейтқанов бірқатар кемшіліктерді ескертіп, шұғыл түрде әрекет етуге тапсырма берді. Басты мақсат – құрылыстың сапалы болуы. Мердігер ұйым өкілдеріне әкімшілік ғимаратындағы бөлме есіктерінің сапасына және жылыту жүйесін дұрыс орналастыруға мән беру керектігі айтылды. Сондай-ақ, суда жүзу бассейні болғандықтан уақытылы және таза сумен қамтамасыз ету көздерін осы бастан ойластыру жолдары талқыланды. «Самар» коммуналдық шаруашылығына жаңадан салынып жатқан су құбырлары желісіне қосу тапсырылды.
- Бұл әлеуметтік нысан біздің аудан тұрғындары үшін маңызды. Бұл жерде болашақ чемпиондар жаттығады. Жастардың да сүйікті спорт алаңына айналары сөзсіз. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де барлық жағдай жасалуына баса көңіл бөлуіміз керек. Құрылыс барысында ұсақ-түйек мәселе деген болмайды. Сондықтан, осы бастан қолданысқа берілетін нысанның жылы әрі қолайлы болуын ойластыру біздің міндетіміз, - деді Раджан Қайрқанұлы.
"Бірқабатты Шығыс" бағдарламасы аясында салынып жатқан 2 қоспәтерлі үйлердің құрылыс жұмыстары да назардан тыс қалмады. Құрылыс жұмыстарын "Көкпекті жолдары" ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Қазіргі уақытта әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Ішкі өңдеу жұмыстары жасалуда. Дегенмен, Раджан Қайрқанұлы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Ордахановқа құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Дәл осындай әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы Құлынжон ауылында да жүргізілуде. Пәтерлердің жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайды. "Көкпекті жолдары" ЖШС мердігер ұйымы құрылысын жүргізіп жатқан үйлерді қолданысқа беру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз