Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Екі айдан астам уақыт бойы Лайлы су қоймасында шлюзді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су қоймасында болып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайттық.

Лайлы су қоймасының шлюзін жөндеу жұмыстары неліктен қолға алынды? Су қоймасының бөгеуі қайта салынып, жаңа шлюздердің тартылғанына 10 жылдай ғана уақыт өтті емес пе?
- Шлюздің қабырғалары қаусырап жарылып кеткендіктен оны ауыстыру қажеттілігі туындады. Екі ай бойы биіктігі 2 метр болатын қабырғаларды ауыстыру жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта шлюздерді орнату бойынша дәнекерлеу жұмысы жүргізілуде. Су қоймасында 2 жаңа шлюз болады, - дейді дәнекерлеу жұмысының шеберлері.

Аудан әкімі Раджан Сейтқанов Самар ауылына жұмыс сапарының барысында Лайлы су қоймасына барып, жөндеу жұмыстарымен тікелей танысқан болатын. Мердігер ұйымның жұмысына жоғары баға берген аудан басшысы жоба толық аяқталғанша тікелей бақылау жасайтынын айтқан еді.
Су қоймасының әрбір бөлігінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы учаске шебері Шалқар Сейітқазыұлы баяндап берді.
- «Халық Строй Астана» ЖШС кәсіпорны тендер нәтижесі бойынша су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Су өткізу үшін жаңа шлюздер орнатылады. Бөгеуді қайта қалпына келтіру жұмыстары толық атқарылды. Сондай-ақ, Ешкібай су қоймасы арнасын толықтай тазалау жұмыстары жасалуда. Құрылыс жұмыстарына 6 адам тартылған, қазіргі уақытта 3 газ-электр дәнекерлеуші маман жұмыс істеуде. Нысанды су қоймасы теңгерімінде тұрған «Шығыс Су қоймалары» ЖШС қабылдап алады. Барлық жұмыстар он күннің ішінде толық аяқталады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз