Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Мариногорка , Палатцы, Үлкенбөкен ауылдық округтерінде әкімдерді сайлау өтетіні белгілі.
Осыған байланысты Көкпекті аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Абдрасуловадан "COVID-2019" қауіпті індеті таралуы жағдайында сайлауды өткізу жөніндегі негізгі сұрақтар бойынша түсініктеме беруін сұрадық..


Гүлмира Қабышқызы атап өткендей, "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2021 жылғы 25 маусымдағы № 29 қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес «COVID-19» короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм бекітілген. Бекітілген алгоритм КВИ-дың таралуына байланысты тәуекелдердің алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында әзірленген. Сондықтан да сайлау процесінің барлық қатысушылары бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныш маскаларын, яғни мас-ка тағу режимін сақтауы, қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануы, адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5 - 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы, қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа түрлерін болдырмауы қажет. Сайлау комиссиясы жұмысының барлық кезеңінде маска режимін сақтауға міндетті. Маска мұрынды, ауызды және иекті тығыз жауып тұруы керек. Бұл ретте бір рет қолданылатын қорғаныш маскаларын ауыстыру кемінде әрбір үш сағат сайын жүргізіледі.
Дауыс беруге арналған үй-жайда ғимараттың техникалық мүмкіндіктері болғанда жеке кіру және шығу жолдарын қарастыру қажет. Дауыс беруге арналған бөлмені терезесін ашып желдету мүмкін болатындай қарастырған жөн. Және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін бөлменің кең болуы ұсынылады.
Ғимаратқа және сайлау учаскесіне кіре берісте сайлау учаскесінде болған кезде сақталуы керек қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат болғаны дұрыс.
Жасанды желдету жүйесі болмаған кезде бөлмені жүйелі түрде желдетіп отыру, бөлменің кіре берісі мен ішіне қашықтық белгілерін қою, жуғыш заттарды қолдана отырып жүйелі түрде тазарту керек. Есік тұтқаларын,тұтқаларды, дауыс беруге арналған кабиналарды, үстелдер мен орындықтардың жанасатын беттерін, ұйымдастыру техникасын, дауыс беруге арналған стационарлық және тасымалданатын урналарды дезинфекциялауға ерекше назар аудару қажет.
Дауыс беретін күні КВИ ауруының симптомдары бар азаматтарды анықтау үшін байланыссыз термометрлер арқылы температураны өлшеу үшін медицина қызметкерлерінен немесе еріктілердің кезекшілігін ұйымдастырған дұрыс.
Сайлау процесінде сайлаушыларға жиналуға жол бермей, сайлаушылардың легін реттеп отыру қажет.
Емделуге байланысты үйде оқшауланған немесе КВИ карантиніне алынған сайлаушылар дауыс беру кезінде, дауыс беру пәтерге ( үйге) кірмей ұйымдастырылуы тиіс. Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, баспалдақта ұйымдастыруға болады. Маска режимі сақталады, қол антисептикпен жуылады.
Сенім білдірілген адамдар, байқаушылар және БАҚ өкілдері осы Алгоритмнің 2-тармағында көрсетілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды.
Сайлау комиссияларының мүшелері, байқаушылар, сенім білдірілген адамдар, БАҚ өкілдері сайлау учаскесіне вакцинация паспорты болған жағдайда жіберіледі. Вакцинациялау үшін медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда тапсырған күнінен бас-тап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі болғанда жіберіледі.
Санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында өзімен бірге балаларды алып келуге тыйым салынады.
Қорыта келгенде, дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысушылар сайлау комиссиясының санитариялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптары мен нұсқауларын сақтайды.
Жоспарланған сайлау қолданыстағы қаулының барлық талаптарын сақтай отырып, тиісті деңгейде өтеді деп үміттенемін.

Г.Абдрасулова,
Көкпекті аудандық
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз