Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

23 маусым күні «Қалихан Алтынбаев» атындағы аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға аудан әкімі Раджан Сейтқанов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, аппарат басшысы Талант Бақытбекұлы, марапатталатын мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Жиында мемлекеттік әнұраннан кейін сөз алған аудан әкімі «мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесінің маңыздылығына тоқталып, әріптестерін құттықтады. Салтанатты жиын барысында аудан басшысы Раджан Сейтқанов қызметте ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметкерлерді марапаттап, ақжарма тілегін жеткізді.
- Құрметті әріптестер, қадірменді Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметшілері мен ардагерлері!


Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкер күнімен құттықтаймын! Қуатты Қазақстан құрудағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанымының және мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы сіздердің күнделікті талмай еңбек етулеріңізге байланысты. Үстіміздегі жылы ел Тәуелсіздігіне, мемлекетіміздің Егемендігіне 30 жыл толады. Әлемдегі саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, біздің елімізде мемлекеттік қызмет жүйесі әрдайым жаңғыртылуда.
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы – мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
«Басты міндет – елге қызмет!» деген мазмұны терең, міндеті жауапты сөзді еске сала отырып, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларыңызға тілектеспін.
Құрметті әріптестер!
Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Елімізді өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!
Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, абыройлы қызмет тілеймін, - дей келе, ауданның дамуы мен өркендеуі жолында көп жылдар бойы ортақ іске үлес қосқаны үшін мемлекеттік қызметтің мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Танирбердиұлының Алғыс хатымен келесі тұлғалар марапатталды: Г.Смагулова, Н.Назарханов, А.Макенов, Қ.Сурашев.
Сондай-ақ, қажырлы еңбегі, кәсібилігі және аудан өміріне қосқан зор үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен келесі мемлекеттік қызметшілер - Г.Мажибаева, Н.Фахрутдинова, С. Егизбаев, Н.Ушакова, Н.Сапарова, Н.Рахимова, Д.Сүлейменов, С.Илюбаева, И.Эккерт, Қ.Темербеков, Г.Көкпаева М.Құшанова, Б.Абылғазыұлы, Н.Жотабаева, А.Насибуллина, В.Назикеева, А.Касенова, Қ.Кисина, М.Тажикова, И.Ибраева марапатталды. Сонымен қатар, ауданда мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған конкурста «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» аталымын жеңіп алған Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Санина Елена Сергеевнаға сертификат табысталды.
Ел болашағының жарқын болуына ат салысып жүрген мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, халықтың сенімін күшейтуге тырысып жүрген сала қызметкерлері Нұрлан Назарханов, Қайрат Ахметқалиев, Андрей Деринг, Әділбек Қалиақперов өзге қырынан танылып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.
Мереке соңы ауданның мемлекеттік қызметкерлері мен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған ән шашумен ұласты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз