Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақтың даңқты балуаны Жақсылық Үшкемпіровтың рухына арналған Көкпекті ауданының футзал чемпионаты мәресіне жетті. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде 20 сәуір күні ақтық ойындарда жеңімпаздар мен жүлдегер анықталып, құрметті қонақтардың қатысуымен марапаттау рәсімі өткізілді. Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атындағы турнир жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасатын болады.
2020 жылдық желтоқсан айында бастау алған турнирге Көкпекті ауданында жасақталған 8 футбол құрамалары қатысты. Желтоқсан мен сәуір аралағында өткен чемпионатта Көкпекті, Үлкенбөкен және Тассай ауылдарының құрамамалары, «Аманат», «Дос», «Спорт кешені» командалары, Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектеп және Көкпекті орта мектебінің құрамалары тартысқа толы ойындардың нәтижесінде өзара кім мықтыны анықтады.
Жақсылық ағаның рухына арналған футзал чемпионатын ұйымдастырушы Көкпекті аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Танысбаев жоғары деңгейдегі жарыстардың жастарды елжандылыққа тәрбиелеудегі орыны ерекше екенін атап өтті.


– Ұлтымыздың мақтанышы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың рухына арналған турнирінің марапаттау рәсіміне Қазақ күресінен КСРО спорт шебері Айтмұхамбет Смағұлов, грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрлан Қойжайғанов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қайыртай Оразалинов, белгілі жаттықтырушы Марат Бекбердинов сияқты атақты спорт ардагерлері қатысқаны үлкен айбырой. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері Самат Баймұханов және спорт жанашыры Болат Бекбердинов ағаларымыз құрметті қонақтар қатарында. Жастардың жүрегіне рух беретін бұл жарыс жыл сайын дәстүрлі өткізілетін болады, - дейді ұйымдастырушы.
Ауданның үздік аяқдоп шеберлері бақ сынаған додада «Көкпекті» құрамасы топ жарды. Турнир барысындағы 14 ойынның бір де бірінде жеңіліс көрмеген жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және құрметті қонақтар марапаттады. Жеңіске үлес қосқан әрбір футболшының мойынына алтын медаль ілініп, құрамаға Жеңімпаз Кубогы табысталды. Сондай-ақ екінші орын алған «Аманат» командасы мен үшінші орынды олжалаған Көкпекті орта мектебінің құрамасы да құрметке бөленді. Жас кәсіпкер Заңғар Серіковтың демеушілігімен жарыста керемет ойын өрнегін көрсетіп, шеберлігімен көпшілікті тамсандырған үздік ойыншылар да марапат иеленді. Ұйымдастырушылар шешімімен «Үздік қақпашы» Шыңғыс Шалбаев, «Үздік қорғаушы» Амангелді Салдырғазин, «Үздік шабуылшы» Амангелді Ғизатоллаев және «Ең үздік ойыншы» номинациясы Манат Әкежановқа берілді.
Жақсылық Үшкеміпіров - «Қазақстанның Еңбек Ері», грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу олимпиадасы, 1980 жыл), КСРО-ның үш дүркін чемпионы (1975, 1980 жыл), КСРО Халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1975 жыл), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1980 жыл), Әлем чемпионы (1981 жыл), Әлем кубогының иегері (1982 жыл).
Ірі халықаралық жарыстарда 37 рет топ жарған, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Спорт және туризм академиясының құрметті профессоры, «FILA күміс», «FILA алтын» орденінің иегері (2011 жыл), Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің «Құрмет» орденінің иегері (2011 жыл) Біріккен күрес әлемі (UWW) халықаралық федерациясының Даңқ залына есімі енгізілген (2014 жыл).
Олимпиада чемпионы, Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың 2 тамызы күні 70 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз