Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

9 қыркүйек күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы болып өтті. Кезектен тыс сессияға Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов, аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, сессия төрағасы Қажет Жүніспекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты.

 

Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 43-2 «2020-2022 жылдарға арналған Көкпекті аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/5 «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы бойынша терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/7 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 46-19/4 «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Көкпекті ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
7. Көкпекті аудандық мәслихатының елу бірінші сессиясының төрағасы туралы.
Қаралған мәселелер бойынша бөлім басшылары баяндама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға жауап берді. Самар ауылының халық қалаулысы Самарқан Жотабаев тұрғындарды толғандырған 2 мәселені ортаға салды. Самар коммуналды шаруашылығына «Грейдер» техникасын сатып алудың кешіктірілуі бойынша тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Жылқышев жауап берді. Маманның айтуы бойынша қажетті техниканы уақытында сатып алуға мемлекеттік сатып алулар жүйесіндегі ақаулар кедергі болған. Алайда аудан басшысы Серікқазы Құсайынұлы бұл мәселе бойынша шұғыл шешім қабылдаудың маңызды екеніне тоқталып, сапалы техника сатып алу үшін алдағы мәслихат сессиясында қосымша қаражат бөлінетінін айтты. Ал Самар ауылында салынып жатқан жазғы суғару жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау үшін арнайы комиссия құрылатын болды.
Сессия соңында сөз алған аудан басшысы Серікқазы Сәдуақасов халық қалаулыларын бірлесе еңбек етіп, елдің мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, жобаларға бақылау жасауға шақырды. Ерекше атап өтерлігі, бұл сессия барысында әлеуметтік сала қызметкерлеріне берілетін коммуаналдық көмек мөлшерін 21 мың теңге көлемінде бекіту туралы шешім қабылданды.
Көкпекті аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессия төрағасы болып Шаймарданова Гүлнар Қасымжомартқызы сайланды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз