Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қадірлі ата-аналар! Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының: «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес», - дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғайтын күн ретінде мерекелейді. Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың келешегі кемел болары сөзсіз. Олардың білім алуы мен мүмкіндігін таныту жолындағы кедергілер алынған. Жасалуға тиісті жағдайлар да жүзеге асып жатыр деп сеніммен айтамыз.


Құрметті балауса балғындар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспіз! Аспан-дарыңыз әрдайым ашық болып, аталарыңыздың бастан кешкен қиыншылықтары сіздерге жолықпасын. Ата-аналарыздың үмітін ақтап, үлкен азамат болып өсе беріңіздер!


А.Смаилов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз